00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Шымкентте түнгі клубта бойжеткен ер адамды пышақтап өлтірген

25.02.2023 | 08:35
Елорда ақпарат
122

Әйелдің айтуынша, клубта баласына бейтаныс қыз жақындап, бірге билей бастаған. Кейін ол қыздың клубқа басқа жігітпен келгені анықталған. Өз сүйіктісі басқа біреумен билегендіктен, қыз марқұм Сергей Локтевпен билеп, кек алмақ болыпты. 

Біздің балалар бірінші қабатта, олар екінші қабатта отырған. Кейін қыздың сүйіктісі мен ұлымды дәлізге алып шығып, соққыға жыққан. Мұның барлығы видеода бар. Ұлым не болғанын сұрап та үлгермеген. Жанжал басталған соң әлгі жігіт өзінің қызына пышақты алып кел деген. Пышақты алып келіпті, бірақ жігітке бермей қойған, – дейді марқұмның анасы Ира Локтева.

Әрі қарай қыз Сергей Локтевке қарай жүгіріп, күретамырын пышақпен кесіп жүрген. Ал жігіті пышақты қолынан алып, басқа адамдарға сермей бастапты. Анасының сөзінше, олар мас болған. Кейін жігіт пен қыз жасырынып қалыпты, ал пышақты Қажымұқан стадионы маңында тыққан. 22 жастағы Сергей Локтев ауруханада есін жимастан мерт болған.

Видеода жанжалды бастаған әлгі жігіт екені көрініп тұр, ол пышақты алып келуін сұраған. Не үшін? Бәлкім ол өзі пышақтайын деген шығар, бірақ мұны қызы жасаған. Бұл – суық қару. Осы кезде олар бірге болған, пышақты да бірге жасырған. Бұл туралы полицияға берген жауабында айтты. Мұны барлығы көрген, мекеме күзеті естіген. Жанжал жетонға жазылып қалған. Алайда тергеушілер бұл видеоны да алмады, – деп түсіндірді анасы.

Қайғылы оқиға болған күні кешке полиция күдіктілерді тұтқындаған. Қыз уақытша ұстау изоляторына қамалған, ал жігіттен жауап алып, қайтарып жіберген. Ол бұл іске тек куәгер ретінде қатысқан, бұдан кейін сотта да, полиция бөлмішесінде де болмаған. Ира Локтева жергілікті полицияның шара қабылдамағанына наразы. Сөзінше, олар жазықтыны қорғап отыр. 

Алдымен әл-Фараби ауданында ол жігітті басқа орган тергейді деп алдамақ болды. Тек соңында ғана қылмыс құрамы болмағандықтан босатып жібергенін білдім. Мен Қайрат Дәлбековке де бардым, ол мені қолдады. Өз қызметкерлеріне бұл істі қарасын деп тапсырма берді. Нәтижесінде қазір сот тыңдалымы болып жатыр. Ал айып тек қызға ғана тағылған, – деді Ира Локтева. 

Шымкент Полиция департаментіндегілер айып тағатын прокурор екенін мәлімдеді. Ал прокуратура өкілдері «Народ и Власть»   бағдарламасының ткелей эфирінде Ира Локтеваға бұл істі қарайтындарын жеткізген. Қалалық соттың баспасөз қызметі сот процесінің аяқталмағанын алға тартып, жауап бермеген.

Бұл іс ауданаралық мамандандырылған сотының қарауында. Онда екінші басқармадағы тәжірибелі қызметкер қатысып жатыр, ол жерде жігіт куәгер ретінде қатысқан. Қазір сіздің арызыңыздан кейін сотта ол жігітті де күдіктілер қатарына қосу мәселесі қозғалды. Шағым қаралып, шешім қабылданады. Бұл сұрақты бақылауда ұстаймыз, – деді прокуратурадағылар. 

Болған оқиғадан кейін Ира Локтева Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдаған. Ол істі қайта қарап, кінәлілер жауапқа тартылады деп сенеді.

Все новости