00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Алматы облысында келінін қорғаған зейнеткер ұлын пышақтап тастаған

25.02.2023 | 06:28
Елорда ақпарат
86

 Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

7 мамырда Дойыншы ауылындағы жекеменшік үйлердің бірінде 42 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қаза тапқан. Криминалистер оқиға орнынан айғақ затты анықтады.

Полиция мәліметінше, жанжалға марқұмның 69 жастағы әкесі, келіні және жәбірленушінің өзі қатысқан. Күдікті зейнеткер кенже ұлының үйінен табылды.

Ұсталған ер адам кінәсін мойындады. Айғақ беру кезінде ол ұлына отбасы мәселелерін талқылау үшін келгенін түсіндірді. Қонаққа барған зейнеткер баласы мен әйелі арасындағы жанжалдың куәсі болып, оқиға барысында келінін қорғаған. Осыдан кейін мас ер адам әкесіне шабуылдаған, ал әкесі асхана пышағын қолданған, - деді Қаратал аудандық полиция бөлімінің басшысы Рауан Әбдірайымов.

Адам өлтіру дерегі бойынша соталды тергеу басталды.

Все новости