«Аузынан атқан»: Дәрігердің өліміне қатысты жаңа деректер шықты
![](/img/articles/uploads/624bd12911b2e058703036_a5d173c9d0.jpeg)
«Астана» телеарнасы Юрий Шумков дүйсенбі күні әдеттегідей үйінің маңындағы тұраққа келіп, көлігін оталдырған оған алдымен алыстан оқ атылғанын айтты. Кейін қаскөй өз құрбанының аузынан тағы бір рет атқан. Жаралы дәрігерді алғашқылардың бірі болып көрген тұрақ күзетшісі Садықжан Юлдашев екен.
Атыс дауыстарын естідім. Келдім, барлық жер қан болды. Тіпті бастапқыда кім екенін танымай қалдым. Дәл аузынан атып кеткен. Беті толығымен қан болды, – дейді күзетші Садықжан Юлдашев.
Оқи отырыңыз: Алматыда кек алмақшы болған емделуші дәрігерді атып өлтірді
Куәгерлер екі рет атқан соң да дәрігердің тірі болғанын айтады. Ал қаскөй қылмыс орнынан кетуге асықпаған. Жолда оны көк түсті көлік күтіп тұрыпты.
Алдымнан қарумен жүгіріп өтті. Күтіп тұрса керек, көлікке мінді де кетіп қалды. Тек мемлекеттік нөмірін көріп үлгердім. Көк түсті көлік, нөмірі 309, – деп қосты Садықжан Юлдашев.
Қылмыскерге бірден іздеу жарияланған. Қалада арнайы тұтқындау жоспары жарияланып, бірнеше сағаттан соң күдікті қолға түсті. Ол 35 жастағы қала тұрғыны екен. Полицейлер күдіктінің дәрігерде қаралған науқас болуы мүмкін екенін алға тартты.
Қылмысқа не себеп болғаны анықталып жатыр. Ер адамның дәрігерде ем қабылдаған науқас болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Қолында қару болған. Тәркіленіп, сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Марқұмның әріптестері қай науқастың мұндай қылмысты жасауы мүмкін екенін білмейді. Юрий Шумков өз ісінің маманы болған. Гастроэнтерология институты басшысының сөзінше, ешкіммен жанжалға түспеген.
Бізге психосоматика бойынша ем алуға келеді. Мүмкін психикасы бұзылған шығар. Алайда тізімнен мұндай науқасты таппадық. Керемет дәрігер еді. Емдеген науқастары өте көп. Барлығы тек оң пікір қалдыратын. Жаулары жоқ. Себебі үнемі көңілді жүретін адам еді, – деді Гастроэнтерология институтының директоры Ләйлә Ташенова.
Марқұмның артында екі баласы қалды. Қазір қылмыстық іс қозғалған. Қылмысы дәлелденсе, тұтқындалған азамат 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
![](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![](/img/articles/ff15c95aebcd02f48ca9e58fb6f63b5a.png)
![Шығыс Қазақстанда ат үстіндегі әйелге найзағай түсті](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![Көкшетауда 10 жастағы батыр бала ТЖМ медалін алды](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![Қазақстандық құтқарушылар селден зардап шеккендерге көмек жеткізу үшін Қырғызстанға барды](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![ШҚО-да ер адам жартастан өз бетінше түсе алмай қалған](/img/articles/ff15c95aebcd02f48ca9e58fb6f63b5a.png)
![Елордада балалар ауруханасынан өрт шықты](/img/articles/29ac810919c5d989f9b120fc76b946b7.jpeg)
![Елімізде көкжөтелден екінші бала көз жұмды](/img/articles/58173677385a7aaa9bf8362d1d094447.jpg)
![Елорда тұрғыны Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін 100 млн теңге алған](/img/articles/dbf605288623506290a39c0224014a0e.jpg)
![Елордада екі жасар баланы тұншықтырып өлтірген күдікті ұсталды](/img/articles/6abfaab53dc7c0bc83b256fc1f895dc8.webp)
![Елордалық өрт сөндірушілер алты адамды құтқарды](/img/articles/b46c3150a3560d7267af18595f75893b.jpeg)
![Алматыда субұрқақ жанынан жас жігіттің денесі табылды](/img/articles/f9ed1632b47528ca31b80e0928fd6ed7.jpg)
![Жыл басынан бері 16 есірткі зертханасы жойылды](/img/articles/536ad347f91981ef0c358d798208557a.jpeg)
![Абай облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді](/img/articles/uploads/karta_d6acbb748b.jpg)
![Олжас Бектенов: Қазір бастысы – апаттан адам өмірін сақтап қалу](/img/articles/bbfb0eabd28751a406a7ba91f0ae9f6d.jpg)
![Су тасқыны басталғалы бес мыңға жуық адам құтқарылды](/img/articles/99ae458d4a422df9b5ec20a310c9a847.jpg)
![Астанада аялдама мен үйдің қаптамасын бұзғандар анықталды](/img/articles/uploads/kolik_policeyleri_50_ge_zhuyk_terrorizm_turaly_korineu_zhalg_an_habarlama_tirkedi_1700449524_9c6d0d4e3b.png)
![Кентаудағы саябақта атты адам кішкентай қызды таптап өтті (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/fn_a160219338.jpg)
![Түркістан облысында құны 398 млн теңгеге жуық мүлік мемлекетке қайтарылды](/img/articles/uploads/prok_tur_1f48356c9d.jpg)
![Белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды](/img/articles/uploads/Fkx_Y5fyg_93fb09f472.jpg)
![Тараз тұрғыны зейнеткерлерді 11 миллион теңгеге алдап кеткен](/img/articles/uploads/full_1700840158bea8f16a810b089b667a88e15284e0e2_webp_2ab1179bea.jpg)
![«Брендтік аяқ киімді киіп кеткен»: Елорда мешітінде ұрлық жасаған адам ұсталды](/img/articles/uploads/policziya_4130d0bec8.jpeg)