00:00
Астана -10oC
USD:
475.18
EUR:
510.72
RUB:
5.47
Поиск

ШЫҰ саммиті күндері астаналықтарды қашықтан жұмыс істеу форматына жіберу ұсынылды

 ШЫҰ саммиті күндері астаналықтарды қашықтық  жұмыс форматына жіберу ұсынылды  Астанада 3-4 шілдеде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтуіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтіледі, деп хабарлады Elоrda.info Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада 3-4 шілдеде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтуіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтіледі, деп хабарлады Elоrda.info Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында, әсіресе жолдарда кептеліс болмас үшін 2-4 шілде аралығында мемлекеттік мекемелерге және квазимемлекеттік секторларға қызметкерлерінің 70%-ына дейін қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру ұсынылады»,- делінген хабарламада. 

Сол сияқты 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істемейді.

Бұл – ірі халықаралық іс-шараларды өткізу барысында күшейтілген қауіпсіздік шаралары қабылданатын және азаматтарға ыңғайлы болу үшін ішінара қашықтан жұмыс істеу тәртібі енгізілетін әлемдік тәжірибе.

Все новости