Елордада Ұлттық ұланның жедел құрамы 700 сарбазбен толықты
![Елордада Ұлттық ұланның жедел құрамы 700 сарбазбен толықты](/img/articles/5bae1ea354889e54cb3a6e2bb707d37b.jpeg)
Астанада 5573 әскери бөлімінде жас жауынгерлер Отанға адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген тепсе темір үзер жігіттер 30 тәулік арнайы дайындықтан өткен. Енді олар бас қаламыздың тыныштығы мен көше тәртібін қамтамасыз етуге атсалысады. Ұлттық Ұлан қатарында борышын өтеуге келген жас толымды құрама командирі Аян Есжанов құттықтап, қызметтерінен бағыт-бағдар берді. Іс-шара барысында алыс-жақыннан келген қауымға болашақ сарбаздардың оқу пунткінде бір ай бойы үйренген дағдылары көрсетілді. Әскери элита қатарынан көрінетін құрмет қарауыл ротасының сарбаздары карабинмен дефиле көрсетсе, енді бірі қоян – қолтық ұрыстан үйренгендерін көпшілік қауымның назарына ұсынды. Ант қабылдау рәсімі дәл осылай өз жалғасын тапты.
Ант қабылдамас бұрын еліміздің алыс-жақын аймақтарынан жиналған жауынгерлер әуел баста арнайы оқу пунктінде жаттығады, әскери өмірге бейімделіп, іштегі тәртіппен танысады. Ол жерде болашақ ұландықтар мемлекеттік-құқықтық, саптық дайындық, жалпы әскери жарғы, күн тәртібін жаттап, білімдерін жетілдіреді. Сонымен қатар жауынгерлік қызметке түсу дағдыларын, ату дайындық тәсілдерін, әскери техникалар мен атыс қаруларын меңгереді.
Бүгінгі таңда 30 күндік дайындықтың нәтижесі ретінде жас сарбаздарымыздың ант қабылдау рәсімін көрдіңіздер. Бұл жауынгерлер Қазақстан Республикасының 22 аймағынан әскерге шақыртылған. Оқу пунктінде болашақ сарбаздарды әскери өмірдің қыр-сырын үйретеміз, алдағы уақытта қызметтеріне керегінің бәрін үйренеді. Әрбір сарбазбен жеке сұхбаттасамыз, тәртіпке, әскери өмірге дайындаймыз, – дейді оқу пунткінің бастығының орынбасары Қазбек Мұратаев.
Жамбыл, Алматы, Ақмола, Түркістан облысы, СҚО, ШҚО-дан шақырылған 700-ге жуық жас сарбаз көпшілік алдында еліне ақтық демі қалғанша абыроймен қызмет етуге серт берді. Шара шымылдығы салтанатты шеруімен жабылды. Сапқа қосылған жас сарбаздар енді өзге әскери қызметшілермен қатарласа қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін орындайды.
![](/img/articles/89e3c4791f252ea046dba4b1ded99166.jpg)
![](/img/articles/0e24487c7164bf03760f9819623fb0c9.jpeg)
![](/img/articles/733cabfe3632049be504707aac257007.jpeg)
![](/img/articles/a17d12c35503a47231247a1a5df44b3a.jpeg)
![Елорданың әскери колледжін алғашқы сержант түлектер бітірді](/img/articles/89e3c4791f252ea046dba4b1ded99166.jpg)
![Қазақстан мен Қытай энергетика саласындағы бірлескен жобаларды талқылады](/img/articles/0e24487c7164bf03760f9819623fb0c9.jpeg)
![«Таза Қазақстан»: Елордада 17 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды](/img/articles/733cabfe3632049be504707aac257007.jpeg)
![Астана күніне орай ұйымдастырылған журналистер байқауының жеңімпаздары 5 шілдеде марапатталады](/img/articles/a17d12c35503a47231247a1a5df44b3a.jpeg)
![«Мерейлі отбасы» байқауы: Астанада қалалық кезеңнің жеңімпаздары марапатталады](/img/articles/ae3c72c23c830b76f9b7deb837e341a4.jpeg)
![Астанада 15 автобустың жүру бағыты уақытша өзгереді](/img/articles/f595fc6dc2d71ecd8a6f875c6b2dc8be.jpg)
![Елордада ШЫҰ кезінде қандай жолдарда қозғалыс уақытша шектеледі](/img/articles/ed9ee392a585ebdde9cbd9889d3117f6.jpg)
![Астанада бірқатар көшеде автотұрақтарды пайдалануға тыйым салынады](/img/articles/67dba60bb630679e8e93093f6ac98b4d.jpeg)
![ШЫҰ кезінде Астанада қашықтан жұмыс форматы енгізіледі](/img/articles/edbe6cdfa2beecbb875c9f519172ea31.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)