00:00
Астана -10oC
USD:
475.18
EUR:
510.72
RUB:
5.47
Поиск

Қазақстандық әуе тасымалдаушылардан Еуропаға ұшуға қойылған шектеулер алынып тасталды

Қазақстандық әуе тасымалдаушылардан Еуропаға ұшуға қойылған шектеулер алынып тасталды
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық әуе тасымалдаушылардан Еуропалық Одақ елдеріне ұшуға қойылған барлық шектеулер алынып тасталды, деп хабарлады Elorda.info Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Шешім 15 мамырында Еуропалық Одақтың 27 елінің авиациялық билік өкілдерінің қатысуымен Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі комитетінің  отырысында қабылданды.

Қазақстан Республикасының Бельгиядағы Елшілігінің қолдауымен Комитет отырысы барысында қазақстандық делегация бұрына нықталған ескертулерді жою бойынша қолданылған шараларды ұсынды, оларды Еуропалық комиссия оң бағалады. ЕО-ға мүше 27 мемлекет қабылдаған комитет отырысының шешіміне сәйкес, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Елеулі прогресті ескере отырып, Қазақстан мен қазақстандық тасымалдаушылардан Еуропалық Одақ елдеріне ұшуға қойылған барлық шектеулер алынып тасталды, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, 2022 жылы отандық әуе компанияларының Еуропалық комиссияның қара тізіміне ену қаупі жоғары болды.

Жалпы, Еуропалық Одақ сарапшылары ұшуды пайдалану саласындағы сертификаттау, бақылау және қадағалау жүйесінің тиімді жұмыс істеуі, ұшу жарамдылығын қолдау, авиация қызмметкерлерін оқыту және лицензиялау бойынша елеулі жақсартуларды атап өтті.

Все новости