Биыл астаналықтар 8 млрд теңгенің тегін дәрі-дәрмектерімен қамтылды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/2023_01_13_xjenmjoz_0e663aee60.jpg)
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ елорда филиалы 6 айда дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз астаналықтар туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
Астанада 156 500 пациент 508 262 тегін рецепт бойынша 8 млрд 042 млн теңге сомасына тегін дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілген.
Оның ішінде: тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемінде (ТМККК) 7,5 млрд теңге сомасына 476 623 тегін рецепт бойынша 144 563 пациент, МӘМС есебінен 406,6 млн теңге сомасына 22 768 тегін рецепт бойынша 14 412 ересек пациенттер және 113,4 млн теңгеге 6 484 бала 8 871 тегін рецепт бойынша дәрі-дәрмек алды.
Олардың ішінде МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмекпен қамтылған балалар: Жіті респираторлық инфекциямен – жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бойынша – 1 073 бала және төменгі тыныс жолдарының аурулары бойынша – 2 681 бала; темір жетіспеушілігі анемиясымен - 372 бала; рахит ауруымен 171 бала; пневмониямен 449 бала; синуситпен/ бадамша безі (миндалин) және аденоид ауруларымен 118 бала, т.б.
Біздің сарапшылар медициналық қызметтің қолжетімді болуы және оның сапасының жақсаруы үшін, яғни пациент құқығы сақталуы үшін тұрақты жұмыс жүргізеді, – деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ елорда филиалының директоры Ербол Бекмұхамбетов.
Айта кетейік, амбулаториялық қамтамасыз ету бұйрығына сәйкес, емхана дәріханаларында барлық қажетті препараттар мен дәрілік заттар бар. Медициналық сақтандыру қоры пациенттер құқығын қорғайды.
![](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![](/img/articles/74a48a854721bfb4e89c6835df7f2fbd.jpg)
![](/img/articles/32ca826a27e8fec88722900f2c31379f.jpeg)
![](/img/articles/07d40791a6a74284eb2bf99b8d258fb6.jpeg)
![Астанада салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтеді](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Астаналық полицейлер 20 адамды сан соқтырған жас жігітті қолға түсірді](/img/articles/74a48a854721bfb4e89c6835df7f2fbd.jpg)
![ШЫҰ саммитінде шетелдік қонақтарға V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары таныстырылды](/img/articles/32ca826a27e8fec88722900f2c31379f.jpeg)
![Елорда тұрғындарының саны 1,5 миллионға жуықтады](/img/articles/07d40791a6a74284eb2bf99b8d258fb6.jpeg)
![Астанада қала күніне орай «Асыл мұра» концерті өтті](/img/articles/1648264bf82fc5f3b1d0cc1a9e53328d.jpeg)
![Роза Асылбекова: Астананың Арқаға көшетінін естігенде «Сәкеннің арманы орындалды» деп қуандық](/img/articles/939617de9ac9eec715892c1c675eb645.jpeg)
![Елордада «Театрлы Еуразия» халықаралық фестивалі өтеді](/img/articles/2a232e2fd64d9110f856f901cdcd094d.jpeg)
![Астанада мерекелік отшашу ұйымдастырылды](/img/articles/da909f3d00b7f1ecdb9bfd38051a9b0e.jpeg)
![Бүгін ауа райына байланысты отшашу ертерек басталуы мүмкін](/img/articles/d8b8a0d6b57054c5c62c7c3592e19856.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)