00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Ғалым Қожабеков Қазақстан Журналистика Академиясының мүшелігіне қабылданды

27.06.2023 | 17:22
143

Төл мерекеміз қарсаңында  «Astana aqshamy» газеті бас редакторының орынбасары Ғалым Қожабеков Қазақстан Журналистика академиясының мүшелігіне қабылданып, академик дипломымен марапатталды, деп хабарлады Elorda.info.

Мүшелік билеті мен академик куәлігін Қазақстан журналистика академиясының президенті, көрнекті публицист Сағымбай Қозыбаев тапсырды.

Қазақстан журналистика академиясының академигі ғылыми атақ емес, бұл шығармашылық тұлғаға, журналистика саласына сіңірген ерен еңбекті бағалайтын атақ. Біздің ұйымның қатарында тәуелсіздік дәуірінде қазақ журналистикасын өлшеусіз еңбек сіңірген Мұрат Әуезов, Нұртөре Жүсіп, Сауытбек Абдрахманов, Дархан Мыңбай, Бибігүл Жексенбай, Қайрат Сақ және басқа да көптеген белгілі журналистика қайраткерлері бар. Бүгінгі таңда академия мүшелігіне көрнекті жас журналистерді де қабылдап жатырмыз,- деді Журналистика академиясының президенті өзінің құттықтау сөзінде.

Ғалым Қожабеков 30 жылға жуық «Astana aqshamy» газетінде қызмет атқарып келеді. Осы уақытта аға тілші, шолушы, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болып еңбек етті. Бірнеше шығармашылық конкурстардың лауреаты, 6 кітаптың авторы. «Құрмет» ордені, «За отвагу», «Халық алғысы» медальдері, «Ақпарат саласының үздігі» белгісінің иегері.

                                                                                  

Все новости