Елордалық мешіттер «Тегін такси» науқанын өткізіп жатыр
![](/img/articles/uploads/63be61c8bbb25543866670_e06115435e.jpeg)
Елордада соңғы күндері күн күрт суып, қыстың нағыз аязды күндері болып жатыр. Сарышұнақ аяз сай-сүйегіңді сықырлатып, аяқ-қолды тоңдырып жібереді. Аязды, әсіресе, таң ата жұмысқа барып, кешқұрым үйге автобуспен қайтатындар ерекше сезеді. Бүгін астаналықтарды аязды күні барар жеріне тоңбай әрі тегін жеткізу мақсатында қаладағы «Көктал» мешітінің бастауымен қаланың барлық мешіттері «Тегін такси» науқанын өткізді, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.
20 көлікті тізгіндеген имамдар мен шәкірттер таңғы 08:00-ден бастап түрлі бағытқа бет алған тұрғындарды барар жеріне жеткізіп тастап жатыр.
Мұндай акцияларды бірнеше жылдан бері өткізіп келеміз. Астананың аязды күндерінде азаматтарымызға қолұшын созғымыз келеді. Басқа жүргізушілерді де акцияға қосылуға және тұрғындарға көмектесуге шақырамыз, - дейді Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов.
Қала тұрғындары «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, осынау іс-шараға белсене атсалысып, өздерінің игі мақсаттағы көмектерін тигізіп жатқан көлік жүргізушілеріне алғыстарын жаудырып жатыр.
Айта кетейік, игілікке шақырып, жан жылуымен бөлісетін науқан аяздың беті қайтқанша жалғасады. Тегін таксилерді көліктегі жапсырма арқылы ажыратуға болады.
Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ
![](/img/articles/e8d3cf12b7f9daba9944f9efd3f60304.jpeg)
![](/img/articles/18491ba47772c5d8e75309047a30721e.jpeg)
![](/img/articles/73722d55f619cf2e5152c64e274fa61e.jpeg)
![](/img/articles/9e448a2cb048a685ac67162590937bdd.jpeg)
![Садақ атудан III Гран-при Астана халықаралық турнирі мәресіне жетті](/img/articles/e8d3cf12b7f9daba9944f9efd3f60304.jpeg)
![3 шілде күні елордада отшашу атылады](/img/articles/18491ba47772c5d8e75309047a30721e.jpeg)
![ШЫҰ саммиті: Елордада өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету пысықталды](/img/articles/73722d55f619cf2e5152c64e274fa61e.jpeg)
![Астанада «Creative summer» жобасы жаздың соңына дейін жұмыс істейді](/img/articles/9e448a2cb048a685ac67162590937bdd.jpeg)
![Елорданың әскери колледжін алғашқы сержант түлектер бітірді](/img/articles/89e3c4791f252ea046dba4b1ded99166.jpg)
![Қазақстан мен Қытай энергетика саласындағы бірлескен жобаларды талқылады](/img/articles/0e24487c7164bf03760f9819623fb0c9.jpeg)
![«Таза Қазақстан»: Елордада 17 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды](/img/articles/733cabfe3632049be504707aac257007.jpeg)
![Астана күніне орай ұйымдастырылған журналистер байқауының жеңімпаздары 5 шілдеде марапатталады](/img/articles/a17d12c35503a47231247a1a5df44b3a.jpeg)
![«Мерейлі отбасы» байқауы: Астанада қалалық кезеңнің жеңімпаздары марапатталады](/img/articles/ae3c72c23c830b76f9b7deb837e341a4.jpeg)
![Астанада 15 автобустың жүру бағыты уақытша өзгереді](/img/articles/f595fc6dc2d71ecd8a6f875c6b2dc8be.jpg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)