00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Ералы Тоғжанов елорданың әлеуметтік кәсіпкерлік нысандарын аралады

Жұмыс сапары «Мейірім» клиникасының материалдық әлеуетімен танысудан басталды. Медицина орталығында негізгі бағыттар бойынша толық көмек көрсетіледі. Орталықтың еліміз бойынша 30 медициналық мекемесі бар. Бір жылда 500-ге жуық азамат осы орталыққа тіркелсе, 2,5 миллионға жуық науқас дәрігер көмегін алады. Медицина орталығының республика бойынша өз дәріханасы мен жедел-жәрдем көлігі бар.

Премьер-министр орынбасары кешенді медициналық көмек көрсететін жеке клиникалардың өзге аймақтардағы жұмысы маңызды екенін атап өтті.

Бұл орталық ішінде стационарлық көмек бірге жүргізіледі. Азаматтарға бір орталықта тексеріліп, сол жерде ем алуы өте ыңғайлы. Жеке медицина орталықтарының өзге аймақтардағы филиалы да жергілікті халық денсаулығы үшін жақсы жұмыс нәтижесін көрсету қажет. Қазір бұл салада түрлі тәжірибелерді қарастырып жатырмыз, - деді Ералы Лұқпанұлы.

Келесі нысан мүгедектігі бар адамдар жұмыс іс­тейтін «Дос» тәуелсіз өмір орталығы болды. Мүмкіндігі шектеулі жандар арнайы мүгедектер арбасын жасайды. Қытайда шығарылған арба орталықта тапсырыс берушінің өлшеміне сәйкес құрастырылады. Орталық мүгедектер арбасының 30 түрін ұсынады. Дайын арбаға 2 жыл кепілдік беріліп, техникалық қызмет тегін көрсетіледі.

Орталық мүмкіндігі шектеулі белсенді азаматтар үшін арбаға жалғанатын электрқондырғысын жалға береді. Арнайы қондырғы электр энергиясы арқылы 30 шақырым жылдамдықпен жүреді.

Мен орталықта кеңесші маман ретінде жұмыс істеймін. Келушілерге олардың талаптары бойынша арба таңдауға көмектесемін. Осы электрқондырғы арқылы жұмысқа келемін. Өте ыңғайлы. Жалға алу құны да қолжетімді, - дейді орталық менеджері Дастан Раушанбеков.

Ералы Тоғжанов мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалысын оңтайландыратын арбаларды сатып алу қашанда қолжетімді болу керек екенін айтты.

Осы орталыққа мүмкіндігі шектеулі жандар игі іс жасап жатар. Өткен жылы әлеуметтік кәсіпкерлік туралы заң қабылданды. Заң аясында осындай орталық жұмыстарын дамыту қажет. Орталық мамандары онлайн тілдесу арқылы да арба өлшемдерін алады. Одан бөлек, арбаны жөндеу орталықтары бар. Күнделікті қозғалыс құралы болғандықтан қашанда жөндеуді қажет етеді. Осы сипаттағы әлеуметтік кәсіпкерлікке мемлекет қолдау білдіреді, - деді премьер-министр орынбасары.

Әрі қарай жұмыс сапары елордалықтарға танымал Green TAL әлеуметтік ше­бер­ханасының тыныс-тіршілігімен танысумен жалғасты. Әлеуметтік жобаның негізін қалау­шы Эмин Әскеров Ералы Тоғжановқа шеберхана дайындаған өнімдерді таныстырды. 2015 жылы құрылған орталық 9 бағыт бойынша жұмыс істейді. Бүгінде Эмин Әскеров ағаш ұстасы, тігін, киіз шеберханасы, кафе, автокөлік жуу және тағы басқа бағыттар бойынша әлеуметтік санаттағы азаматтарды жұмыспен қамтып отыр.

Әлеуметтік кәсіпкерлікті әлі де жандандыру қажет. Бұл адамдарға кедергісіз орта қалыптастыруда қоғаммен байланыс орнату үшін өте маңызды, – деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Все новости