Туған күні мен референдум қатар келген күн: елордалық бойжеткен алғаш рет дауыс берді
![](/img/articles/uploads/629c8b6bf39a7860787459_c5ea7a2e90.jpg)
Қала іргесінде орналасқан Күйгенжар елді мекенінің тұрғыны – Алтын Әбдірахманова үшін 5 маусым туған күні ғана емес, тарихи сәт болып саналмақ. Алғаш рет дауыс берген ол естелік ретінде сыйлық алды.
Қолына жеке куәлігін енді ғана алған Алтын, бұл күнді асыға күтіпті. Алғаш рет саяси науқанға ат салысып отырғанын мақтаныш етеді. Өзі тұратын елді мекендегі референдум учаскесіне түс болмай барып, өз дауысын берді. Ол биылғы туған күні тарихи күнмен тұспа-тұс келгенін жақсылыққа балап отыр.
Бүгін – тарихи күн, 18 жасқа, яғни кәмелеттік жасқа толуыммен тұспа-тұс келіп тұрғандықтан – бұл мен үшін қуанышты сәттің бірі. Референдумға алғаш рет қатысып, дауыс беріп тұрмын. Бойымда қуанышпен қатар қобалжу сезімі де бар, – дейді Алтын Әбдірахманова.
Ол референдум өзінің мамандығымен тығыз байланысты екенін айрықша айтып өтті. Өйткені ол Еуразия Гуманитарлық колледжінде Құқықтану мамандығында оқиды. Биыл 3-курсты тәмәмдап жатыр. Сондықтан Конституцияға енгізілетін өзгерістерді халықтың таңдауы бірегей жоба деп санайды.
Тұрғылықты тізім бойынша, учаскемізде тізім бойынша 1284 жергілікті тұрғын бар. Оның ішінде 19 адам 18 жасқа толған жасөспірім ретінде тіркелген. Тіркелген тізім бойынша ең егде жастағы дауыс беруші – 96 жастағы әжей, – дейді Нұр-Сұлтан қаласы №33 учаскелік бөлімінің төрағасы Меруерт Әбуова.
Айта кетейік, референдум учаскесі Күйгенжар елді мекеніндегі №42 орта мектебінде орналасқан. Таңғы 7:00-де келген ауыл тұрғындарына естелік ретінде сыйлық табысталған. Олардың арасында туған күн иесі Алтын Әбдірахманова да бар.
![](/img/articles/edbe6cdfa2beecbb875c9f519172ea31.jpeg)
![](/img/articles/9c7462e563811677e39a8717a383c7a9.jpg)
![](/img/articles/ae63b0d201496e8d7cdbbd953a78949c.jpg)
![ШЫҰ кезінде Астанада қашықтан жұмыс форматы енгізіледі](/img/articles/edbe6cdfa2beecbb875c9f519172ea31.jpeg)
![Елордада көп қабатты ғимараттарда өрт-тактикалық жаттығу өткізілді](/img/articles/9c7462e563811677e39a8717a383c7a9.jpg)
![Елордада қызметтік иттің көмегімен жоғалған бала аман табылды](/img/articles/ae63b0d201496e8d7cdbbd953a78949c.jpg)
![Астанада 63 азамат қайтарымсыз грантқа ие болды](/img/articles/e2839e9340f52e33c54221810e67c3b6.jpg)
![Елордада Ұлттық ұланның жедел құрамы 700 сарбазбен толықты](/img/articles/5bae1ea354889e54cb3a6e2bb707d37b.jpeg)
![Көлік министрлігі Астана әуежайындағы рейстердің кешігу себебін түсіндірді](/img/articles/cb51d80c2544f40d3b3252af4897057e.jpeg)
![Астанада Елорда күніне орай 100-ге жуық іс-шара өтеді](/img/articles/2a232e2fd64d9110f856f901cdcd094d.jpeg)
![Астана полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті](/img/articles/009acca1b8e220e116ffecb419cd2591.jpg)
![Астанаға жаңа 100 автобус жеткізілді](/img/articles/f3a7fb42079091acaebd721dd1a75710.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)