00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Елордада көпбалалы аналарға "Күміс алқа" медальдары табысталды

24.02.2023 | 19:13
Елорда ақпарат
83

"Қазақ халқы әрқашан отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, алтын құрсақты аналарды халқымыз ерекше қадірлейді. Көпбалалы болу бұл – батырлық, зор мақтаныш әрі үлкен жауапкершілік. Айтулы мереке қарсаңында өздеріңізбен жүздесіп, алқаны табыстау мен үшін үлкен жауапкершілік және қуанышты сәт. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  "Кез келген мемлекеттің қуаты – халқында" деген сөзі бар. Тұңғыш Президентіміз негізін қалаған елорда төрінде халық санын көбейтуге үлес қосып, келешек ұрпақты тәрбилеу жолындағы алтын құрсақты аналардың  еңбектері зор. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін», - деді Есет Байкен өз сөзінде.

Айта кетейік, жыл басынан бері Сарыарқа ауданында «Күміс» және «Алтын» алқалармен 100 көпбалалы ана марапатталған. Оның ішінде 24 – «Алтын алқа», 76 – «Күміс алқа».

 

 

 

 

 

 

Все новости