00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Ы.Алтынсариннің мерейтойына арналған байқау жеңімпаздары марапатталды

24.02.2023 | 17:33
Елорда ақпарат
84

Кеш шымылдығын «ОКЖ» КММ-нің директоры Гүлбадан Мәдібаева ашып, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы оркестрдің дәстүрлі әншісі Нұрболат Құсайынов көрерменге шат көңіл-күй сыйлады.  

Кеш қонақтары актриса, продюсер Айнұр Жүгінісова мен жас қаламгер, «Қыз өссе елдің көркі» кітабының авторы Әсел Қайратқызы жүлделі орындармен марапаттап, болашақ жас ұрпаққа ақ жол тілеп, Ы.Алтынсарин 180 жылдығы медальдары мен кубоктарын табыстады.

Бүгінгі «Ыбырай рухына тағзым» шығармашылық және көркемсөз оқу байқауына Интерноциональный кентінің №29 орта мектебі мен №74 «Дәурен» балабақшасы, Мичурино кентінің №43 қосымша білім беру мектеп орталығы мен №60 «Арай» балабақшасы, Теміржолшылар кентінің №29 орта мектебі мен №50 «Жұлдыз» балабақшалары атсалысты.

Все новости