«10 игі іс»: Елордада көмекке мұқтаж отбасыларға сертификаттар табысталды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/0ef329ffca64f52007d56cb8ad526fea_1280x720_d8b2fcb449.jpeg)
Тәуелсіздік күніне орай «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында «10 игі іс» акциясы аясында көмекке мұқтаж отбасыларға киім-кешек пен азық-түлік сатып алу үшін сертификаттар табысталды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Азық-түлік пен киімдер сатып алуға болатын сыйлық сертификаттарын «Kaspi med» ЖШС әзірледі.
Тәуелсіздік мерекесіне орай мұқтаж жандарға азық-түлік пен киім алу үшін сертификат түріндегі сыйлықтармен көмектесу туралы шешім қабылданды. Біз 300 отбасыға азық-түлік себетіне және заттар сатып алуға болатын сертификаттарды жеке-жеке дайындадық. Компаниямыз мүмкіндігі шектеулі жандарға тауар жеткізумен айналысады. Яғни, «Kaspi med» компаниясының миссиясы мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және өмірін жеңілдету болып саналады. Біз, ең алдымен, сапалы тауарларды қолжетімді бағамен жеткіземіз, - деді компанияның бас бухгалтері Әйгерім Тайжанова.
Іс-шараға «Жанұя» орталығының жетекшілігімен 30 отбасы қатысты.
Мен алты баланың анасымын. Үлкені 19 жаста, университетте оқиды, екінші балам сегізінші, үшінші балам бірінші сыныпта сыныпта оқиды, ал одан кейінгі қызым балабақшаға барады. Ары қарай егіз балаларым бар. Олар ақпан айында екі жасқа толады. Оларды «Жанұя» орталығы балабақшаға орналастыруға көмектесті. Бүгін жұбайым екеуміз арнайы шақырылдық, бізге сертификаттар табысталды. Қала әкімдігі мен «Жанұя» орталығына алғысымызды білдіреміз. Айта кету керек, бұл бір реттік акция емес, біз бұл жерден үнемі түрлі көмек алып тұрамыз, - деді астаналық Гүлмира Хаджисмаилова.
«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған көпбалалы, толық емес, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға кешенді консультациялық қызметтер көрсету, сондай-ақ отбасы институтын нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және іске асыру мақсатында құрылған.
![](/img/articles/edbe6cdfa2beecbb875c9f519172ea31.jpeg)
![](/img/articles/9c7462e563811677e39a8717a383c7a9.jpg)
![](/img/articles/ae63b0d201496e8d7cdbbd953a78949c.jpg)
![ШЫҰ кезінде Астанада қашықтан жұмыс форматы енгізіледі](/img/articles/edbe6cdfa2beecbb875c9f519172ea31.jpeg)
![Елордада көп қабатты ғимараттарда өрт-тактикалық жаттығу өткізілді](/img/articles/9c7462e563811677e39a8717a383c7a9.jpg)
![Елордада қызметтік иттің көмегімен жоғалған бала аман табылды](/img/articles/ae63b0d201496e8d7cdbbd953a78949c.jpg)
![Астанада 63 азамат қайтарымсыз грантқа ие болды](/img/articles/e2839e9340f52e33c54221810e67c3b6.jpg)
![Елордада Ұлттық ұланның жедел құрамы 700 сарбазбен толықты](/img/articles/5bae1ea354889e54cb3a6e2bb707d37b.jpeg)
![Көлік министрлігі Астана әуежайындағы рейстердің кешігу себебін түсіндірді](/img/articles/cb51d80c2544f40d3b3252af4897057e.jpeg)
![Астанада Елорда күніне орай 100-ге жуық іс-шара өтеді](/img/articles/2a232e2fd64d9110f856f901cdcd094d.jpeg)
![Астана полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті](/img/articles/009acca1b8e220e116ffecb419cd2591.jpg)
![Астанаға жаңа 100 автобус жеткізілді](/img/articles/f3a7fb42079091acaebd721dd1a75710.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)