00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Жолаушылар пойызында ұл бала өмірге келді

21.06.2023 | 12:30
113
Фото: Almaty.tv

2023 жылдың 19 маусымында «Алматы-Атырау» бағытындағы №29/30 жолаушылар пойызының бригада мүшелері Ноғайлы стансасына жетпей шұғыл түрде жолаушыны босандырып алуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Elorda.info «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолсеріктер толғағы келген әйелге көмектесу үшін барлық қажетті шараларды қолданды, ол жайлы пойыз машинисіне хабарланып, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырылды. Ұл баланың өмірге келуіне жолсеріктер мен жолаушылар қолқабыс етті.

-Біз жолсеріктеріміз Балғаным Қарин мен Ақмамық Бекеноваға алғыс айтамыз. Пойыз бригадасы мен жолаушылардың үйлесімді жұмысының арқасында пойызда бала аман-есен дүниеге келді, – дейді вагонның жолсерігі Марал Әділбекова.

Марал Әділбекованың теміржолда жұмыс істеп жатқанына 15 жыл, оның 12 жылын – Атырау учаскесінде жолаушылар пойызының жолсерігі болып қызмет етті.

Сағыз стансасына жеткен соң жаңа туған нәресте мен анасы жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды.

Все новости