Тәбеттің төмендеуіне не себеп болады
![](/img/articles/uploads/621dfc1c5e1be892418675_9f1e921433.jpg)
Вирусты немесе бактериялы жұқпа
Вирусты немесе бактериялы жұқпа, соның ішінде тұмау мен суық тию, ішектер мен несеп шығару жолдарының зақымы — тәбет жоғалуының кең тараған себебі. Біз өзімізді нашар сезінгенде ағза тәбетті реттейтін цитокиндер деп аталатын химиялық заттар бөледі. Бұл бас миындағы нейрондарға әсер ететін жұқпаларға қарсы иммунды жауап болып табылады. Нәтижесінде, тамаққа тәбет төмендейді.
Кей дәрі-дәрмек
Дәрігер жазып берген кей дәрі-дәрмектің осындай қосымша әсері болуы мүмкін. Оларға антидепрессанттар жатады. Сондай-ақ жоғары қан қысымы мен жүрек жеткіліксіздігінен дәрі ішетін адамдардың жиі тамаққа тәбеті болмайды. Қатерлі ісікті емдеу де тәбетті жоғалтады. Емдеудің химиотерапия және иммунды емдеу секілді түрлері талғамның өзгеруіне немесе жүрек айнуға әкелуі мүмкін.
Созылмалы ауру
Созылмалы ауруы бар адамдар жиі тамаққа тәбетін жоғалтады. Созылмалы ауру деп жазылуы қалыпты уақыттан асып кеткен және 3 айдан аса уақыт созылып келе жатқан ауруды айтады. Мысалы: бұлшықеттер мен сіңірлердің ауруы, бас сақинасы, жүйкенің зақымдалуы және т.б.
Жас шамасы
АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институтының зерттеуі бойынша, 30%-ға дейінгі егде жастағы адамдар тәбеттің төмендегенін сезеді және аз тамақ жейді. Ол салмақ тастауға және қоректік заттардың жетіспеушілігіне әкеледі. Сондай-ақ егде жастағы адамдар жиі шалдығатын Альцгеймер және Паркинсон аурулары салдарынан да тәбет жоғалады.
Психологиялық факторлар
Психологиялық денсаулықтың жағдайы тәбетке айтарлықтай әсер беруі мүмкін. Депрессиямен қиналатын адамдар жиі тамаққа деген қызығушылығын жоғалтады
Қалқанша бездің төмен белсенділігі
Қалқанша без белсенділігінің төмендеуін гипотиреоз деп атайды. Бұл кезде ол гормондарды жеткілікті түрде бөлмейді. Ол ағзадағы көптеген функциялардың баяулауына әкеледі. Солардың бірі — тамаққа тәбеттің болмауы.
Анорексия
Бұл ауыр психикалық ауру. Анорексия кезінде адам тамақты шектеу немесе өте көп физикалық жаттығулар жасау арқылы дене массасын азайтқысы келеді. Бұл жағдай да тәбеттің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл аурумен қиналатын адамдар жиі өз денесі жайлы жағымсыз көзқараста болады.
Алкогольді тәуелділік
Алкогольді өте көп ішу ағзаға көптеген салдарлар әкеледі: асқазан жұмысының бұзылуы, терінің сарғаюы, қол мен аяқтың ұйып қалуы немесе шаншып ауыруы. Ол тәбетке де әсер береді. Алкогольге тәуелді адамдар жиі тамаққа деген қызығушылығын жоғалтады.
![](/img/articles/7b1a597bacb73a79f46d492377784966.png)
![](/img/articles/1d34dc464dc44ea64de880e3403d63b5.jpg)
![](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![](/img/articles/7321d74ed83f1cf23f7206ef614de958.jpg)
![ШЫҰ кезінде медициналық мекемелер штаттық режимде жұмыс істейді](/img/articles/7b1a597bacb73a79f46d492377784966.png)
![Елордада жаңа радиофармпрепараты клиникалық тәжірибеге енгізілді](/img/articles/1d34dc464dc44ea64de880e3403d63b5.jpg)
![Астанада балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылық төмендеген](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![Астанада туберкулезге қарсы ақпараттық акция өтті](/img/articles/7321d74ed83f1cf23f7206ef614de958.jpg)
![Мектептер оқушылардың денсаулығын жақсарту бойынша жобаға қатысады](/img/articles/uploads/63a59fd6ce84f041163800_d6511233d7.jpg)
![Сенатта дәрігердің беделін арттыратын заң жобасы талқыланды](/img/articles/uploads/e30d9e7d7e244465b1051c1529a3afd1_42ddbf4b81.jpg)
![Жеке медициналық кітапшаны онлайн форматта алуға болады](/img/articles/uploads/20756_1710217951_m_ca17dc1e81.jpg)
![Елордада 15 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынады](/img/articles/uploads/9c0d314fb5aed34774857df77904d87a_1280x720_04fa99ebac.jpeg)
![Елімізде әйелдер арасында сүт безі обыры өршіп тұр](/img/articles/uploads/1591125425_priem_vracha_970a91377c.jpg)
![Астаналық дәрігерлер Қарағандыда күрделі ота жасады](/img/articles/uploads/52571446_373b_4f04_8ca9_750ccecec936_16b17199ed.jpg)
![Жүрек шаншып ауырса не істеу керек](/img/articles/uploads/63dd16381d600158822783_4ce1361c65.jpg)
![Төмен қан қысымы: себептері мен белгілері](/img/articles/uploads/6273bae815b69560351136_ed37679b22.jpg)
![Қант диабетінің алғашқы белгілері қандай?](/img/articles/uploads/uaa_6b6c8de0d3.jpg)
![Астанада балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылық төмендеген](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![Жүрек ауруынан хабар беретін 9 белгі](/img/articles/uploads/62443cc31304f569997815_305243de4f.jpg)
![Темекіні тастаудың ең оңай 5 жолы](/img/articles/uploads/6425524c66d85994741169_a8cca52e08.jpg)
![Тісті қатайту үшін не жеу керек](/img/articles/uploads/621764db258c5569373183_51cc149a47.jpg)
![Тәбеттің төмендеуіне не себеп болады](/img/articles/uploads/621dfc1c5e1be892418675_9f1e921433.jpg)
![Ара шағып алса, не істеу керек?](/img/articles/uploads/upa_89a3e82404.jpg)
![МӘМС жүйесін жетілдіру үшін елордада қандай жұмыстар атқарылып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_28_at_10_10_02_2a3ce13989.jpeg)