Тісті қатайту үшін не жеу керек
![](/img/articles/uploads/621764db258c5569373183_51cc149a47.jpg)
Пайдалы шөптер
Аскөк, ақжелкен, салат жапырағы, көк жуа, балдыркөк — бұлардың барлығы тістер үшін өте пайдалы. Олар В тобының және Е, А, С, РР дәрумендеріне, калий, кальций, магний, йод, натрий, фосфор, темір микроэлементтеріне бай. Тістер саулығы жағынан қарайтын болса, бұлар - аса қажетті заттар, себебі олар қан тамырларды қатайтады, қантүзілім процесін жақсартады және тіс еті қанауын болдырмайды.Ақжелкен мен аскөк табиғи дезинфекция жасайтын құралдарға жатады. Ауру тудыратын микроағзалардан арылу үшін тамақтан соң аскөк немес ақжелкенді шайнау жеткілікті.
Қатты жемістер мен көкөністер
Қызылша, қияр, алма және сәбізде тістер мен қызыл иек саулығына пайдалы В, D, E, K, С, РР дәрумендері, бета-каротин, кальций, калий, магний, натрий, фосфор, йод, фтор, темір, кобальт және күміс бар. Олардың жеткілікті мөлшері тіс етін қанмен қамтамасыз етуді қалыпқа келтіреді және қанау қаупін азайтады.
Оған қоса, үнемі жұмсақ тамақты алған тістер мен тіс еті «жұмыс істеуден» шығып кетеді. Адам тістері табиғатынан қатты тамақты өңдеуге «қайралған». Сондықтан алма немесе сәбіз секілді қатты жемістер мен көкөністерді жеу — тістер етіне арналған өздігінше массаж. Олар сондай-ақ тамақтан кейін тісте қалған қалдықтарды тазартады.
Сүт қышқылды өнімдер
Ірімшік, сүзбе, йогурт — тістер «құрылыс материалы» — кальцийдің негізгі көздері. Олар басқа да пайдалы заттарға бай: А, В және D дәрумендері, магний, калий. Қанты жоқ табиғи йогурт күкіртсутек мөлшерін азайтуға көмектеседі, яғни ауыздағы жағымсыз иістен арылуға ықпал етеді және ауыздағы қышқылдық деңгейін қалыпқа келтіреді. Ірімшік тісжегінің алдын алу мақсатындағы тиімді өнімдердің бірі саналады. Ол тіс эмаліндегі кальций мөлшерін арттырады және сілекей бөлінуін жылдамдатады.
Теңіз өнімдері
Диетологтар теңіз өнімдері мен балықты жалпы ағзаға және тіс саулығына ең пайдалы тағамдардың біріне жатқызады. Олардың құрамында кальций, фосфор, фтор, В1 және D дәрумендері бар. Егер ағзаға бұл заттар жетіспесе, сүйек тіндері әлсіз болып кетеді, тіс пен қызыл иек аурулары жылдам дамиды. Балықтың барлық түрі кальцийге, селенге және фторға бай, алайда теңіз балығы мен басқа да теңіз өнімдері жоғары бағаланады. Себебі олардың құрамындаға йод пен кальцийдің көп мөлшері тістерді тісжегіден қорғауға көмектеседі.
Бал
Бұл тістердің қатаюына ықпал ететін тәтті өнімдердің бірі. Бал антибактериялық әсерге ие. Әсіресе, ұяшықтардағы бал пайдалы: табиғи балауызды шайнау тістерді тазартып, ауыз қуысына дезинфекция жасайды және стоматитті кетіруге көмектеседі.
Жаңғақтар
Тістерге кешью жаңғақтары өте пайдалы. Бұл жаңғақтарда тіс эмалін құртатын бактерияларды жоя алатын заттар бар. Кешью жаңғақтары антибактериялық, антисептикалық және сергітуші әсерлерге ие. Ал балқарағай жаңғағында ванадий (бұл зат сүйек тінінің қатаюына ықпал етеді), фосфор және кальций болса, бадам жаңғағы жеңіл ауырсынуды басатын әсерге ие.
![](/img/articles/7b1a597bacb73a79f46d492377784966.png)
![](/img/articles/1d34dc464dc44ea64de880e3403d63b5.jpg)
![](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![](/img/articles/7321d74ed83f1cf23f7206ef614de958.jpg)
![ШЫҰ кезінде медициналық мекемелер штаттық режимде жұмыс істейді](/img/articles/7b1a597bacb73a79f46d492377784966.png)
![Елордада жаңа радиофармпрепараты клиникалық тәжірибеге енгізілді](/img/articles/1d34dc464dc44ea64de880e3403d63b5.jpg)
![Астанада балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылық төмендеген](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![Астанада туберкулезге қарсы ақпараттық акция өтті](/img/articles/7321d74ed83f1cf23f7206ef614de958.jpg)
![Мектептер оқушылардың денсаулығын жақсарту бойынша жобаға қатысады](/img/articles/uploads/63a59fd6ce84f041163800_d6511233d7.jpg)
![Сенатта дәрігердің беделін арттыратын заң жобасы талқыланды](/img/articles/uploads/e30d9e7d7e244465b1051c1529a3afd1_42ddbf4b81.jpg)
![Жеке медициналық кітапшаны онлайн форматта алуға болады](/img/articles/uploads/20756_1710217951_m_ca17dc1e81.jpg)
![Елордада 15 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынады](/img/articles/uploads/9c0d314fb5aed34774857df77904d87a_1280x720_04fa99ebac.jpeg)
![Елімізде әйелдер арасында сүт безі обыры өршіп тұр](/img/articles/uploads/1591125425_priem_vracha_970a91377c.jpg)
![Астаналық дәрігерлер Қарағандыда күрделі ота жасады](/img/articles/uploads/52571446_373b_4f04_8ca9_750ccecec936_16b17199ed.jpg)
![Жүрек шаншып ауырса не істеу керек](/img/articles/uploads/63dd16381d600158822783_4ce1361c65.jpg)
![Төмен қан қысымы: себептері мен белгілері](/img/articles/uploads/6273bae815b69560351136_ed37679b22.jpg)
![Қант диабетінің алғашқы белгілері қандай?](/img/articles/uploads/uaa_6b6c8de0d3.jpg)
![Астанада балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылық төмендеген](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![Жүрек ауруынан хабар беретін 9 белгі](/img/articles/uploads/62443cc31304f569997815_305243de4f.jpg)
![Темекіні тастаудың ең оңай 5 жолы](/img/articles/uploads/6425524c66d85994741169_a8cca52e08.jpg)
![Тісті қатайту үшін не жеу керек](/img/articles/uploads/621764db258c5569373183_51cc149a47.jpg)
![Тәбеттің төмендеуіне не себеп болады](/img/articles/uploads/621dfc1c5e1be892418675_9f1e921433.jpg)
![Ара шағып алса, не істеу керек?](/img/articles/uploads/upa_89a3e82404.jpg)
![МӘМС жүйесін жетілдіру үшін елордада қандай жұмыстар атқарылып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_28_at_10_10_02_2a3ce13989.jpeg)