«Саламатты Қазақстан» пойызы 90 мыңға жуық адамға медициналық жәрдем көрсетті
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/S_Vj4p_Ft_Wh_AOAE_21l_Tg8_WC_Wfaj_TT_Djez_LUU_1mry_JX_7da8082b88.jpg)
Бұл туралы бүгін «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
«Медициналық пойыздар» жобасы аясында «Саламатты Қазақстан» пойызы 8 айдың ішінде орташа алғанда 18 мың шақырымға жуық жол жүріп, Алматы, Жетісу, ШҚО, Абай, Павлодар, Ақмола, СҚО, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, БҚО, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл сынды 17 облыстағы 121 шалғай станцияны қамтыды.
Сондай-ақ биыл азаматтарға құқықтық қолдау да көрсетілді. Мамандар жалпы 98 мыңнан астам халыққа медициналық және құқықтық көмек берді. Оның ішінде, 88 994 қазақстандықтың денсаулығын жақсартуға мүмкіндік алды. Олардың 19 222 –бала. 191 мың адамға дәрігерлік кеңес беріліп, 11 мыңнан астам шағын ота жасалды.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының жұмысына «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы атынан 590 млн теңге қаржы бөлінді. Оның есебінен дәрігерлер мен медиаторлардың, пойыз бригадаларының тамақтануы, күзет қызметі, дизельдік отын, телефон және ғаламтор байланысы шығындары өтелді. Сондай-ақ пойызды жалға алуға да ақша берілген. Ал дәрігерлерді таңдаумен Денсаулық сақтау министрлігі айналысып, шығындарды өтеді, – деді қор басшысы.
Бұл жоба аясында ең мықты 35 кәсіби маман қызмет көрсетті. Пойыз жапон және неміс медициналық құрал-жабдықтарымен жабдықталған.
Қажет болған жағдайда толық жалпы және биохимиялық талдаулар, рентгенография және флюорография, ішкі органдар мен тамырларды ультрадыбыстық зерттеу, электрокардиограмма, гастрофиброскопия, диагностикалық зерттеулердің басқа да түрлері жүргізілді, – деді Альфия Адиева.
![](/img/articles/7b1a597bacb73a79f46d492377784966.png)
![](/img/articles/1d34dc464dc44ea64de880e3403d63b5.jpg)
![](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![](/img/articles/7321d74ed83f1cf23f7206ef614de958.jpg)
![ШЫҰ кезінде медициналық мекемелер штаттық режимде жұмыс істейді](/img/articles/7b1a597bacb73a79f46d492377784966.png)
![Елордада жаңа радиофармпрепараты клиникалық тәжірибеге енгізілді](/img/articles/1d34dc464dc44ea64de880e3403d63b5.jpg)
![Астанада балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылық төмендеген](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![Астанада туберкулезге қарсы ақпараттық акция өтті](/img/articles/7321d74ed83f1cf23f7206ef614de958.jpg)
![Мектептер оқушылардың денсаулығын жақсарту бойынша жобаға қатысады](/img/articles/uploads/63a59fd6ce84f041163800_d6511233d7.jpg)
![Сенатта дәрігердің беделін арттыратын заң жобасы талқыланды](/img/articles/uploads/e30d9e7d7e244465b1051c1529a3afd1_42ddbf4b81.jpg)
![Жеке медициналық кітапшаны онлайн форматта алуға болады](/img/articles/uploads/20756_1710217951_m_ca17dc1e81.jpg)
![Елордада 15 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынады](/img/articles/uploads/9c0d314fb5aed34774857df77904d87a_1280x720_04fa99ebac.jpeg)
![Елімізде әйелдер арасында сүт безі обыры өршіп тұр](/img/articles/uploads/1591125425_priem_vracha_970a91377c.jpg)
![Астаналық дәрігерлер Қарағандыда күрделі ота жасады](/img/articles/uploads/52571446_373b_4f04_8ca9_750ccecec936_16b17199ed.jpg)
![Жүрек шаншып ауырса не істеу керек](/img/articles/uploads/63dd16381d600158822783_4ce1361c65.jpg)
![Төмен қан қысымы: себептері мен белгілері](/img/articles/uploads/6273bae815b69560351136_ed37679b22.jpg)
![Қант диабетінің алғашқы белгілері қандай?](/img/articles/uploads/uaa_6b6c8de0d3.jpg)
![Астанада балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылық төмендеген](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![Жүрек ауруынан хабар беретін 9 белгі](/img/articles/uploads/62443cc31304f569997815_305243de4f.jpg)
![Темекіні тастаудың ең оңай 5 жолы](/img/articles/uploads/6425524c66d85994741169_a8cca52e08.jpg)
![Тісті қатайту үшін не жеу керек](/img/articles/uploads/621764db258c5569373183_51cc149a47.jpg)
![Тәбеттің төмендеуіне не себеп болады](/img/articles/uploads/621dfc1c5e1be892418675_9f1e921433.jpg)
![Ара шағып алса, не істеу керек?](/img/articles/uploads/upa_89a3e82404.jpg)
![МӘМС жүйесін жетілдіру үшін елордада қандай жұмыстар атқарылып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_28_at_10_10_02_2a3ce13989.jpeg)