00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Хирургтер 40 жастағы әйелдің өмірін сақтап қалды

25.07.2023 | 11:30
134
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының мамандары сирек кездесетін ауруы бар әйелді аман алып қалды, деп хабарлады Elorda.info.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, оң жақ қарыншаның қолқа фистуласын жоюды қажет ететін күрделі отаны профессор Сейтхан Жошыбаевтың жетекшілігімен кардиохирургия педиатриялық бөлімшесінің меңгерушісі Икром Мұхамедов, кардиохирург Азамат Кенбаев, анестезиолог -  Зафар Розбаев, перфузиолог Алмаз Әлібеков жасады. 

хир.jpeg

Айта кету керек, «аорто» оң қарыншалық фистула - сирек кездесетін ауру түрі. Онда «аортаның» көтерілетін бөлігі оң қарыншамен байланысады.

Жамбыл ауданының 40 жастағы тұрғыны бойынан ентігу, жүрек соғуының жиілігі, басы айналып, төменгі аяғының ісуін байқап, дәрігерлерге жүгінген. Пациент дәрігерлік тексеруден өткен соң жүкті әйелде туа біткен жүрек ауруы бар екендігін анықтаған. Бұл жүктіліктің ұзаруына абсолютті қарсы көрсеткіш болып есептелінеді.

Сондықтан жүктілікті тоқтатылып, науқас жүрек ақауын хирургиялық емдеу үшін кардиология және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығына жіберілген. Оған көрсеткіштер бойынша шұғыл түрде жедел емдеу жүргізіліп, ота жасалған.

Операция сәтті өтіп, бүгінде пациент тұрғылықты жері бойынша учаскелік дәрігердің бақылауымен үйіне шығарылды.

Все новости