00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада емханаларға еркін тіркелу науқаны басталды

19.09.2023 | 06:00
124
Фото: дереккөз

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Төлеуова емханаларға еркін тіркелу науқанының басталуына байланысты брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info

Қазақстанда жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін тұратын аумағы шегінде емхананы еркін таңдау науқаны өтеді. Бұл азаматтарға қаралып жүрген емханасына көңілі толмайтын немесе тұрғылықты мекенжайын ауыстырған жағдайда, сондай-ақ басқа себептерге байланысты емдеу мекемесін таңдауға мүмкіндік береді.

МСАК ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту МСАК көрсету үшін негіз болып табылады және меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан, тең құқықтылық және адал бәсекелестік қағидаттарымен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, емхананы еркін таңдау құқығын пайдаланған кезде үйде медициналық көмек алу қажет болған жағдайда, дәрігерді немесе мобильді бригаданы шақыру үшін тұрғылықты жері бойынша тіркелу керек.

Пациент қызметтер пакетін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ала бастайды, яғни 31 желтоқсанға дейін бұрын тіркелген емханада қызмет көрсету жалғастырылады.

Емханаға тіркелу жолдары өзгерген жоқ. Оның 2 түрлі тәсілі бар. Біріншісі - «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы «медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына тіркеу» қызметін пайдалану арқылы, екіншісі - емханаға барып, өтініш жазу арқылы тіркелу. Айта кететін жайт, екінші тәсілді зейнеткерлер, мүгедектер, бала кезден мүгедек азаматтардың қамқоршылары, түрмеде жазасын өтеп жатқандар, студенттер, әскери борышын өтеп жатқандар, шетелде туған балалар мен сенімхат арқылы тіркелетін азаматтар пайдалана алады, - дейді А.Төлеуова.

Бұдан былай Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден келген еңбек мигранттары емханаға тіркелу үшін ерікті медициналық сақтандыру полисін сатып алатын болады.

Пациент басқа елді мекенге кеткен болса (іссапарға, қонаққа және т.б.) және ауырып қалса, онда ол шұғыл медициналық көмек алу үшін орналасқан жері бойынша жақын маңдағы медициналық ұйымға жүгіне алады немесе жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыра алады.

Все новости