Еліміздің үздік дәрігерлері марапатталды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/img_7705_24b9cf2111.jpeg)
Астанада «DENI SAU ULT» атты Ұлттық медициналық саммит өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Оған Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, мемлекеттік және жеке меншік медициналық ұйымдардың дәрігерлері, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, отандық және шетелдік сарапшылар, сондай-ақ кәсіпкерлер қатысты.
Іс-шараға қатысушылар алдында сөз алған Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова дәрігерлердің халықтың өмірі мен денсаулығын сақтау, отандық медицинаның дамуы жолындағы еңбегін атап өтіп, алғыс білдірді. Сондай-ақ вице-премьер салаға қатысты Үкімет қолға алған шаралар туралы айтып өтті.
Біздің басты мақсатымыз – халықтың қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет алуы үшін жағдай жасау. Қазірде еліміздің әр аймағында мамандарымыз күрделі оталар, оның ішінде жүрек-қан тамырлары ауруларына байланысты операциялар жасап жүр. Бұл медициналық қызмет сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Оның аясында ауылдарда 655 алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету нысанын ашу мақсаты тұр. Олардың бір бөлігі қазірде ашылып, жұмыс істеп тұр, — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Атап өтерлігі, Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған саммит еліміздің барлық өңірінен келген 1 500-ге жуық адамның басын қосты. Шара медицина саласындағы соңғы жетістіктерді талқылау мен тәжірибе алмасу алаңына айналды.
Саммит аясында дәстүрлі түрде үздік қазақстандық мамандарға «ALTYN SHIPAGER» ұлттық медицина сыйлығы табысталды. Жеңімпаздар 17 аталым бойынша марапатталды. Олардың қатарында стационар, жедел жәрдем дәрігерлері, ауылдық жерлердегі медицина қызметкерлері, медициналық колледж ұстаздары, провизорлар, фельдшерлер, медбикелер және т.б. мамандар бар.
![](/img/articles/7b1a597bacb73a79f46d492377784966.png)
![](/img/articles/1d34dc464dc44ea64de880e3403d63b5.jpg)
![](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![](/img/articles/7321d74ed83f1cf23f7206ef614de958.jpg)
![ШЫҰ кезінде медициналық мекемелер штаттық режимде жұмыс істейді](/img/articles/7b1a597bacb73a79f46d492377784966.png)
![Елордада жаңа радиофармпрепараты клиникалық тәжірибеге енгізілді](/img/articles/1d34dc464dc44ea64de880e3403d63b5.jpg)
![Астанада балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылық төмендеген](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![Астанада туберкулезге қарсы ақпараттық акция өтті](/img/articles/7321d74ed83f1cf23f7206ef614de958.jpg)
![Мектептер оқушылардың денсаулығын жақсарту бойынша жобаға қатысады](/img/articles/uploads/63a59fd6ce84f041163800_d6511233d7.jpg)
![Сенатта дәрігердің беделін арттыратын заң жобасы талқыланды](/img/articles/uploads/e30d9e7d7e244465b1051c1529a3afd1_42ddbf4b81.jpg)
![Жеке медициналық кітапшаны онлайн форматта алуға болады](/img/articles/uploads/20756_1710217951_m_ca17dc1e81.jpg)
![Елордада 15 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынады](/img/articles/uploads/9c0d314fb5aed34774857df77904d87a_1280x720_04fa99ebac.jpeg)
![Елімізде әйелдер арасында сүт безі обыры өршіп тұр](/img/articles/uploads/1591125425_priem_vracha_970a91377c.jpg)
![Астаналық дәрігерлер Қарағандыда күрделі ота жасады](/img/articles/uploads/52571446_373b_4f04_8ca9_750ccecec936_16b17199ed.jpg)
![Жүрек шаншып ауырса не істеу керек](/img/articles/uploads/63dd16381d600158822783_4ce1361c65.jpg)
![Төмен қан қысымы: себептері мен белгілері](/img/articles/uploads/6273bae815b69560351136_ed37679b22.jpg)
![Қант диабетінің алғашқы белгілері қандай?](/img/articles/uploads/uaa_6b6c8de0d3.jpg)
![Астанада балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылық төмендеген](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![Жүрек ауруынан хабар беретін 9 белгі](/img/articles/uploads/62443cc31304f569997815_305243de4f.jpg)
![Темекіні тастаудың ең оңай 5 жолы](/img/articles/uploads/6425524c66d85994741169_a8cca52e08.jpg)
![Тісті қатайту үшін не жеу керек](/img/articles/uploads/621764db258c5569373183_51cc149a47.jpg)
![Тәбеттің төмендеуіне не себеп болады](/img/articles/uploads/621dfc1c5e1be892418675_9f1e921433.jpg)
![Ара шағып алса, не істеу керек?](/img/articles/uploads/upa_89a3e82404.jpg)
![МӘМС жүйесін жетілдіру үшін елордада қандай жұмыстар атқарылып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_28_at_10_10_02_2a3ce13989.jpeg)