Дәрігерлер науқастың тіліне ота жасады
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/hiri_9835a1d6f8.jpg)
Ұлттық ғылыми онкология орталығының мамандары сирек кездесетін Макроглоссия деп аталатын диагнозы бар 62 жастағы науқастың тілін резекциялау бойынша бірегей ота жасады, деп хабарлады Elorda.info.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, науқастың тілінің мөлшері шамадан тыс үлкейіп кеткен: ұзындығы 16-18 см-ге дейін, ал ені 10 см шамасында болған.
Макроглоссия - тілдің шамадан тыс ұлғаюымен сипатталатын сирек кездесетін патология. Бұл ауруға шалдыққан жанның тілі аузына сыймайды, сондықтан кейбір науқастар жиі аузын ашып жүруге мәжбүр болады. Макроглоссия көбінесе тыныс алудың, жұтыну және сөйлеудің бұзылуына әкеледі, өмір сүру сапасын едәуір нашарлатады. Мұндай жағдайларда осы патологияны хирургиялық емдеудің қажеттілігі туады.
Мұндай патология сирек кездесетіндіктен және хирургиялық тәжірибенің болмауына байланысты барлық медициналық мекемелер мұндай отаны жасауға дайын емес.
Науқас ұйқы кезінде тыныс алудың, жұтынудың және сөйлеудің бұзылуынан зардап шекті. Соматикалық жағдай бірқатар қатар жүретін ауруларды күшейтті.
Ауыр соматикалық жағдайды ескере отырып, пациентті кардиологтар, кардиохирургтар, невропатологтар, эндокринологтар 3 ай бойы мұқият зерттеп-қарады. Осыдан кейін, ҰҒОО басшылығының мақұлдауымен науқас емдеуге жатқызылды. Хирургтар бригадасы Б.Д.Шалабаев, Д.Серікбайұлы, А.А.Нұржанов отаны сәтті жасап шықты.
Екі айдан астам уақыт өткеннен кейін отаның оң нәтижесі анықталды. Науқастың тілі әдеттегі өлшемге ие болды.
![](/img/articles/7b1a597bacb73a79f46d492377784966.png)
![](/img/articles/1d34dc464dc44ea64de880e3403d63b5.jpg)
![](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![](/img/articles/7321d74ed83f1cf23f7206ef614de958.jpg)
![ШЫҰ кезінде медициналық мекемелер штаттық режимде жұмыс істейді](/img/articles/7b1a597bacb73a79f46d492377784966.png)
![Елордада жаңа радиофармпрепараты клиникалық тәжірибеге енгізілді](/img/articles/1d34dc464dc44ea64de880e3403d63b5.jpg)
![Астанада балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылық төмендеген](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![Астанада туберкулезге қарсы ақпараттық акция өтті](/img/articles/7321d74ed83f1cf23f7206ef614de958.jpg)
![Мектептер оқушылардың денсаулығын жақсарту бойынша жобаға қатысады](/img/articles/uploads/63a59fd6ce84f041163800_d6511233d7.jpg)
![Сенатта дәрігердің беделін арттыратын заң жобасы талқыланды](/img/articles/uploads/e30d9e7d7e244465b1051c1529a3afd1_42ddbf4b81.jpg)
![Жеке медициналық кітапшаны онлайн форматта алуға болады](/img/articles/uploads/20756_1710217951_m_ca17dc1e81.jpg)
![Елордада 15 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынады](/img/articles/uploads/9c0d314fb5aed34774857df77904d87a_1280x720_04fa99ebac.jpeg)
![Елімізде әйелдер арасында сүт безі обыры өршіп тұр](/img/articles/uploads/1591125425_priem_vracha_970a91377c.jpg)
![Астаналық дәрігерлер Қарағандыда күрделі ота жасады](/img/articles/uploads/52571446_373b_4f04_8ca9_750ccecec936_16b17199ed.jpg)
![Жүрек шаншып ауырса не істеу керек](/img/articles/uploads/63dd16381d600158822783_4ce1361c65.jpg)
![Төмен қан қысымы: себептері мен белгілері](/img/articles/uploads/6273bae815b69560351136_ed37679b22.jpg)
![Қант диабетінің алғашқы белгілері қандай?](/img/articles/uploads/uaa_6b6c8de0d3.jpg)
![Астанада балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылық төмендеген](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![Жүрек ауруынан хабар беретін 9 белгі](/img/articles/uploads/62443cc31304f569997815_305243de4f.jpg)
![Темекіні тастаудың ең оңай 5 жолы](/img/articles/uploads/6425524c66d85994741169_a8cca52e08.jpg)
![Тісті қатайту үшін не жеу керек](/img/articles/uploads/621764db258c5569373183_51cc149a47.jpg)
![Тәбеттің төмендеуіне не себеп болады](/img/articles/uploads/621dfc1c5e1be892418675_9f1e921433.jpg)
![Ара шағып алса, не істеу керек?](/img/articles/uploads/upa_89a3e82404.jpg)
![МӘМС жүйесін жетілдіру үшін елордада қандай жұмыстар атқарылып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_28_at_10_10_02_2a3ce13989.jpeg)