00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астанада жарты жылда 15 мыңнан астам сәби дүниеге келді

07.08.2023 | 10:30
107
Фото: дереккөз

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Жаңа туған нәрестелер мен аналардың денсаулығын сақтау туралы» брифинг өтті, деп хабарлады Elorda.info

Спикерлер, Астана қаласының бас педиатры Дана Әбілғазина, №3 көпбейінді қалалық ауруханасының неонатолог-дәрігері Ұлсерік Қалибекова 

Тамыз айының бірінші аптасында табиғи жолмен емізудің бала денсаулығына пайдасын түсіндіру үшін БДСҰ, ЮНИСЕФ және көптеген елдердің денсаулық сақтау министрліктері, азаматтық қоғам серіктестерінің қолдауымен Дүниежүзілік бала емізу апталығы өтті. 

Биылғы апталық ана сүті мен еңбек қызметінің үйлесімділігіне бағытталып, емізулі балалары бар аналардың құқықтарын қорғауға арналды, - дейді бас педиатр. 

Яғни, ана құқығын қорғап, 18 аптадан кем болмайтын, алты айдан асатын жүктілік демалысының берілуін және жұмысқа шыққаннан кейін де оларға қажетті жағдайдың жасалынуын насихаттауға бағытталады. Биылғы алты айда Астанада 15 121 бала дүниеге келген. 

Көптеген елдер соңғы 10 жылда табиғи азықтандыру бойынша айтарлықтай жетістіктерге жетіп отыр. Расында, аналарға жұмыс орнында қолдау көрсетіліп, жағдай жасалуы айтарлықтай маңызды. 

Ана сүті - емізулі баланың дене бітімі мен ой-санасының толыққанды дамуына ықпал ететін, баланың да, анасының да денсауылығына оңтайлы әсер тигізетін, бала үшін теңдесі жоқ қорек, - дейді Ұ.Қалибекова. 

Мамандардың айтуынша, ана сүті, сондай-ақ, сәби денсаулығы мен оның дамуына қажетті  гормондарды, ферменттерді, биологиялық белсенді қоспаларды және иммундық жүйені нығайтатын бірегей құрамнан тұрады. Соған қарамастан, үш сәбидің екеуі ұсынылған алты ай бойы тек ана сүтімен ғана тамақтанбайды. Бұл көрсеткіш соңғы екі онжылдықта өзгермеген.

Қазақстанда ана сүтімен емізуден бас тартудың себептеріне балаға омырауды дұрыс бермеуден тері қабатының ауырсынуына байланысты, фармацевтикалық компаниялардың жасанды қоспаларды жарнамалауы, ана сүті мен табиғи емізудің маңызын түсінбеу жатады.  

Все новости