Астанада күн сайын қызылшаның 30 жағдайы тіркеледі
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/bd9cf153f235b57c13168adc42dbc70b_1280x720_cf7d8aeca3.jpeg)
Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 81 жағдай тіркелді.
Елордада күн сайын қызылшаның 45-тен 30 жағдайға дейін тіркелуі аздап төмендеуіне қарамастан, қызылша бойынша жағдай әлі де күрделі.
Науқастардың шамамен 79 пайызы қызылшаға қарсы егілмеген азаматтар, бұл аурудың себебі болып табылады. Науқастардың ішінде қызылшаға қарсы вакцинация алғандар тек 5 пайыз, ал вакцинация мәртебесі белгісіз науқастар 16 пайызды құрады.
Қызылша бойынша эпидемиологиялық маусымның басынан (2023 жылдың наурызынан бастап) бүгінгі күнге дейін қызылшаның 1 188 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 843 жағдай. Расталған жағдайлардың жалпы санынан зертханалық расталған 1 143 (96%) жағдай, клиникалық расталған 45 (4%) жағдай, - деді С.Бейсенова.
Ауырғандар санының өсуінің басты себептерінің бірі – вакцинация деңгейінің жеткіліксіздігі. Әлемдік статистика көрсеткендей, COVID-19 пандемиясы кезінде қызылшаға қарсы вакцинация немесе ревакцинация алмаған халықтың саны артты. Қызылша өте жұқпалы, яғни таралуы жылдам болуы да маңызды рөл атқарады. Қызылшаның таралуын болдырмау үшін топтық иммунитетінің жалпы көрсеткіші бүкіл халық арасында 85-90 пайыздан кем болмауы керек.
2023 жылы қарашаның алтысынан бастап 6 айдан 10 ай 29 күндік балаларға жаппай вакцинация жүргізілді және желтоқсан айынан бастап оларға 2-4 жастағы балалар да қосылды.
6 қарашадан бастап осы уақытқа дейін 36,5 пайыз, яғни 44 800 бала егілді, оның ішінде:
- 6 айдан 10 ай 29 күндік нәрестелер саны – 8 710 (35,9%);
- 2-4 жастағы балалар саны – 25 265 (31%);
- медицина қызметкерлері – 5 126 (84,9%);
- екпені уақтылы алмай, кейін қуып жеткендер – 5 692 (43,8%) .
Сондай-ақ, ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес вакцинация алмаған балаларды анықтау жұмыстары жалғасуда. Осылайша, 1 және 6 жаста қызылшаға қарсы егілмеген 7-18 жас аралығындағы анықталған 13 000 баланың 5 692-сі иммунизациямен қамтылды, бұл 43,8 пайызды құрайды.
![](/img/articles/7b1a597bacb73a79f46d492377784966.png)
![](/img/articles/1d34dc464dc44ea64de880e3403d63b5.jpg)
![](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![](/img/articles/7321d74ed83f1cf23f7206ef614de958.jpg)
![ШЫҰ кезінде медициналық мекемелер штаттық режимде жұмыс істейді](/img/articles/7b1a597bacb73a79f46d492377784966.png)
![Елордада жаңа радиофармпрепараты клиникалық тәжірибеге енгізілді](/img/articles/1d34dc464dc44ea64de880e3403d63b5.jpg)
![Астанада балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылық төмендеген](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![Астанада туберкулезге қарсы ақпараттық акция өтті](/img/articles/7321d74ed83f1cf23f7206ef614de958.jpg)
![Мектептер оқушылардың денсаулығын жақсарту бойынша жобаға қатысады](/img/articles/uploads/63a59fd6ce84f041163800_d6511233d7.jpg)
![Сенатта дәрігердің беделін арттыратын заң жобасы талқыланды](/img/articles/uploads/e30d9e7d7e244465b1051c1529a3afd1_42ddbf4b81.jpg)
![Жеке медициналық кітапшаны онлайн форматта алуға болады](/img/articles/uploads/20756_1710217951_m_ca17dc1e81.jpg)
![Елордада 15 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынады](/img/articles/uploads/9c0d314fb5aed34774857df77904d87a_1280x720_04fa99ebac.jpeg)
![Елімізде әйелдер арасында сүт безі обыры өршіп тұр](/img/articles/uploads/1591125425_priem_vracha_970a91377c.jpg)
![Астаналық дәрігерлер Қарағандыда күрделі ота жасады](/img/articles/uploads/52571446_373b_4f04_8ca9_750ccecec936_16b17199ed.jpg)
![Жүрек шаншып ауырса не істеу керек](/img/articles/uploads/63dd16381d600158822783_4ce1361c65.jpg)
![Төмен қан қысымы: себептері мен белгілері](/img/articles/uploads/6273bae815b69560351136_ed37679b22.jpg)
![Қант диабетінің алғашқы белгілері қандай?](/img/articles/uploads/uaa_6b6c8de0d3.jpg)
![Астанада балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылық төмендеген](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![Жүрек ауруынан хабар беретін 9 белгі](/img/articles/uploads/62443cc31304f569997815_305243de4f.jpg)
![Темекіні тастаудың ең оңай 5 жолы](/img/articles/uploads/6425524c66d85994741169_a8cca52e08.jpg)
![Тісті қатайту үшін не жеу керек](/img/articles/uploads/621764db258c5569373183_51cc149a47.jpg)
![Тәбеттің төмендеуіне не себеп болады](/img/articles/uploads/621dfc1c5e1be892418675_9f1e921433.jpg)
![Ара шағып алса, не істеу керек?](/img/articles/uploads/upa_89a3e82404.jpg)
![МӘМС жүйесін жетілдіру үшін елордада қандай жұмыстар атқарылып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_28_at_10_10_02_2a3ce13989.jpeg)