«Аңсаған сәби» бағдарламасымен екі үшем қатар дүниеге келді
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/ushem_1984556211.jpg)
«Аңсаған сәби» бағдарламасы еліміздегі репродуктивті жүйесінде қандайда бір қиындығы бар әйелдерді ана болу бақытын сезіну мүмкіндігін сыйлап отыр, деп хабарлады Elorda.info.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, дәл осылай осы жазда Шығыс Қазақстан облысындағы екі отбасы ата-ана болу бақытына ие болды. Олардың әрқайсысы бірден үш баламен толықты.
Солардың бірі Шемонаиха ауданының 28 жастағы тұрғындары Марина Строкань мен оның жұбайы. Жүктіліктің 34-ші аптасында жас ананың София, Виктория және Дарья атты қыздары өмірге келді. Босану кесарь тілігі арқылы жүзеге асырылды. Бұл - отбасындағы тұңғыш балалар.
«Қыздардың атын әкесі қойды», - деп қуанышымен бөлісті Марина. Ол келесі аптада үшемдерімен бірге үйге шығатынына сенімді, өйткені қазір қыздардың әрқайсысы екі келі салмақ жинапты.
Ал Өскемен қаласының тұрғыны Жансая Ахмадиева мен оның күйеуі тоғыз жылға жуық перзент армандаған екен. Биыл репродуктивті технологиялар мен «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында Жансая ақыры ана атанды. Ол әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан квота арқылы ЭКҰ рәсімінен тегін өтті.
Ата-аналар жаңа туған үшемдердің есімін Ералы, Ерасыл және Зере деп атады.
Ұлдар тынышсыз және мазасыз, қазірдің өзінде мінез көрсетеді. «Қызым маған ұқсайды -тыныш және салмақты», - дейді үшемнің бақытты анасы.
Айта кетейік, жыл басынан бері ШҚО-да дәл осындай әдіспен үш үшем өмірге келді.
![](/img/articles/7b1a597bacb73a79f46d492377784966.png)
![](/img/articles/1d34dc464dc44ea64de880e3403d63b5.jpg)
![](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![](/img/articles/7321d74ed83f1cf23f7206ef614de958.jpg)
![ШЫҰ кезінде медициналық мекемелер штаттық режимде жұмыс істейді](/img/articles/7b1a597bacb73a79f46d492377784966.png)
![Елордада жаңа радиофармпрепараты клиникалық тәжірибеге енгізілді](/img/articles/1d34dc464dc44ea64de880e3403d63b5.jpg)
![Астанада балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылық төмендеген](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![Астанада туберкулезге қарсы ақпараттық акция өтті](/img/articles/7321d74ed83f1cf23f7206ef614de958.jpg)
![Мектептер оқушылардың денсаулығын жақсарту бойынша жобаға қатысады](/img/articles/uploads/63a59fd6ce84f041163800_d6511233d7.jpg)
![Сенатта дәрігердің беделін арттыратын заң жобасы талқыланды](/img/articles/uploads/e30d9e7d7e244465b1051c1529a3afd1_42ddbf4b81.jpg)
![Жеке медициналық кітапшаны онлайн форматта алуға болады](/img/articles/uploads/20756_1710217951_m_ca17dc1e81.jpg)
![Елордада 15 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынады](/img/articles/uploads/9c0d314fb5aed34774857df77904d87a_1280x720_04fa99ebac.jpeg)
![Елімізде әйелдер арасында сүт безі обыры өршіп тұр](/img/articles/uploads/1591125425_priem_vracha_970a91377c.jpg)
![Астаналық дәрігерлер Қарағандыда күрделі ота жасады](/img/articles/uploads/52571446_373b_4f04_8ca9_750ccecec936_16b17199ed.jpg)
![Жүрек шаншып ауырса не істеу керек](/img/articles/uploads/63dd16381d600158822783_4ce1361c65.jpg)
![Төмен қан қысымы: себептері мен белгілері](/img/articles/uploads/6273bae815b69560351136_ed37679b22.jpg)
![Қант диабетінің алғашқы белгілері қандай?](/img/articles/uploads/uaa_6b6c8de0d3.jpg)
![Астанада балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылық төмендеген](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![Жүрек ауруынан хабар беретін 9 белгі](/img/articles/uploads/62443cc31304f569997815_305243de4f.jpg)
![Темекіні тастаудың ең оңай 5 жолы](/img/articles/uploads/6425524c66d85994741169_a8cca52e08.jpg)
![Тісті қатайту үшін не жеу керек](/img/articles/uploads/621764db258c5569373183_51cc149a47.jpg)
![Тәбеттің төмендеуіне не себеп болады](/img/articles/uploads/621dfc1c5e1be892418675_9f1e921433.jpg)
![Ара шағып алса, не істеу керек?](/img/articles/uploads/upa_89a3e82404.jpg)
![МӘМС жүйесін жетілдіру үшін елордада қандай жұмыстар атқарылып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_28_at_10_10_02_2a3ce13989.jpeg)