«Аңсаған сәби»: Бағдарлама арқылы қанша бала дүниеге келді?
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/sabi_09df5b80f8.jpeg)
«Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы іске асырыла басталғаннан бері 4,5 мыңнан астам нәресте дүниеге келді, деп хабарлады Elorda.info Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстанда бедеуліктен зардап шегетін пациенттердің міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде (МӘМС) экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) арқылы медициналық көмек алу құқығы заңнамалық түрде бекітілген.
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында Үкіметке 2021 жылдан бастап ЭКҰ-ға квоталарды 7 есеге арттыра отырып, «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын.
Қазір фертилді жастағы әйелдер мен ерлердің санын ескере отырып, өңірлер бойынша ЭКҰ жүргізуге жыл сайын 7 000 квота бөлінеді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) медициналық ұйымдар бөлінісінде ЭКҰ қызметтерінің көлемін орналастырды. МӘМС шеңберінде мемлекеттік қызметті 19 клиника (оның ішінде 3 мемлекеттік, 16 жеке) ұсынады.
Сондай-ақ министрлік ай сайын орындалған бағдарламалардың тиімділігіне мониторинг жүргізіп отырады.
«Аңсаған сәби» бағдарламасы іске асырыла бастаған 2022-2023 жылдары ЭКҰ 19 мыңнан астам әйелге жасалды. 7 мыңнан астам әйел жүкті болды, 3 800 отбасында 4 500-ден астам нәресте дүниеге келді, 2 500 әйел жүктілік кезеңінде.
Биыл өңірлерге барлығы 7 000 квота бөлінді.
Мәлім етілгендей, Қазақстан қосалқы репродуктивті технологияларды қолдана отырып, бедеулікті емдеуде алдыңғы қатарда. Елде гинекология, андрология, генетика, эмбриология, перинатологиядағы соңғы технологиялар қолданылып келеді.
Алайда, бедеулік – бұл көбіне алдын алуға болатын және осылайша қымбат емдеуге деген қажеттілікті төмендететін ауру болып табылады.Сондықтан министрліктің бірінші кезектегі міндеті – жасөспірімдер мен жастарға профилактика және жыныстық білім беру бағдарламасын жетілдіру. Бұл жыныстық жолмен берілетін инфекцияның алдын алу және емдеу, қауіпті аборттардың алдын алу, контрацепциямен қамту және саламатты өмір салтын насихаттау болып табылады, - делінген министрлік хабарламасында.
![](/img/articles/7b1a597bacb73a79f46d492377784966.png)
![](/img/articles/1d34dc464dc44ea64de880e3403d63b5.jpg)
![](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![](/img/articles/7321d74ed83f1cf23f7206ef614de958.jpg)
![ШЫҰ кезінде медициналық мекемелер штаттық режимде жұмыс істейді](/img/articles/7b1a597bacb73a79f46d492377784966.png)
![Елордада жаңа радиофармпрепараты клиникалық тәжірибеге енгізілді](/img/articles/1d34dc464dc44ea64de880e3403d63b5.jpg)
![Астанада балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылық төмендеген](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![Астанада туберкулезге қарсы ақпараттық акция өтті](/img/articles/7321d74ed83f1cf23f7206ef614de958.jpg)
![Мектептер оқушылардың денсаулығын жақсарту бойынша жобаға қатысады](/img/articles/uploads/63a59fd6ce84f041163800_d6511233d7.jpg)
![Сенатта дәрігердің беделін арттыратын заң жобасы талқыланды](/img/articles/uploads/e30d9e7d7e244465b1051c1529a3afd1_42ddbf4b81.jpg)
![Жеке медициналық кітапшаны онлайн форматта алуға болады](/img/articles/uploads/20756_1710217951_m_ca17dc1e81.jpg)
![Елордада 15 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынады](/img/articles/uploads/9c0d314fb5aed34774857df77904d87a_1280x720_04fa99ebac.jpeg)
![Елімізде әйелдер арасында сүт безі обыры өршіп тұр](/img/articles/uploads/1591125425_priem_vracha_970a91377c.jpg)
![Астаналық дәрігерлер Қарағандыда күрделі ота жасады](/img/articles/uploads/52571446_373b_4f04_8ca9_750ccecec936_16b17199ed.jpg)
![Жүрек шаншып ауырса не істеу керек](/img/articles/uploads/63dd16381d600158822783_4ce1361c65.jpg)
![Төмен қан қысымы: себептері мен белгілері](/img/articles/uploads/6273bae815b69560351136_ed37679b22.jpg)
![Қант диабетінің алғашқы белгілері қандай?](/img/articles/uploads/uaa_6b6c8de0d3.jpg)
![Астанада балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылық төмендеген](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![Жүрек ауруынан хабар беретін 9 белгі](/img/articles/uploads/62443cc31304f569997815_305243de4f.jpg)
![Темекіні тастаудың ең оңай 5 жолы](/img/articles/uploads/6425524c66d85994741169_a8cca52e08.jpg)
![Тісті қатайту үшін не жеу керек](/img/articles/uploads/621764db258c5569373183_51cc149a47.jpg)
![Тәбеттің төмендеуіне не себеп болады](/img/articles/uploads/621dfc1c5e1be892418675_9f1e921433.jpg)
![Ара шағып алса, не істеу керек?](/img/articles/uploads/upa_89a3e82404.jpg)
![МӘМС жүйесін жетілдіру үшін елордада қандай жұмыстар атқарылып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_28_at_10_10_02_2a3ce13989.jpeg)