00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елімізде үздік дәрігерлерге 1000 АЕК сомасында біржолғы төлем беріледі

31.03.2023 | 21:16
Елорда ақпарат
86

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында денсаулық сақтау мәселесіне арналған заң жобасын талқылау кезінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медицина немесе фармацевтика қызметкерлеріне қатысты жазалауды жеңілдету ұсынылып отырғанын айтты, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

Заң жобасы медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге және оларды әлеуметтік қолдауға, құрметті атақтар беруіне бағытталған, - деді Ажар Ғиният.

Құжат аясында жылына бір рет 1000 айлық есептік көрсеткіш сомасында біржолғы төлем беріле отырып, медицина қызметкерінің аса үздік жетістіктері мен айрықша еңбегі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті 3 атағын бекіту ескерілген.

Сонымен қатар, «Мамандық үздігі» республикалық конкурсы өткізіледі. Бұл тұрғыда 500 айлық есептік көрсеткіш сомасында 17 жеңімпазға біржолғы ынталандыру төлемақысы берілмек.

 

Все новости