Елордада жеке медициналық қызмет көрсетушілердің үлесі артып келеді
![](/img/articles/uploads/62e2656c40ba7049962666_196dbf4a18.jpg)
Бұл пациенттің үздік клиниканы таңдауына мүмкіндік береді. Медициналық қызмет жеткізушілер тізімін Қордың fms.kz сайтынан көруге болады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы оңалту қызметтерін көрсететін 50 медицина ұйымымен келісімшарт жасаған. Олардың ішінде: жекеменшік – 25, мемлекеттік – 22, республикалық – 3 медицина ұйымы бар.
МӘМС жүйесі «Науқас қайда қаралса, ақысы сонда төленеді» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Пациент қандай да бір тексерулерден өтер кезде Қордың көрсетілетін медициналық қызмет жеткізушілер тізбесінен медициналық ұйымды таңдауға құқылы. Ол үшін учаскелік дәрігердің немесе өз емханасының аясы тар бейінді/салалық маманының жолдамасы болуы қажет.
Қажетті медициналық қызметті алу үшін Қормен осы қызметтерді көрсетуге шарт жасасқан клиникалардың кез келгенін таңдауға болады. Қазіргі уақытта Қор Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 118 медициналық қызмет жеткізушімен шарт жасады, оның 81-і – жекеменшік клиника. Жыл өткен сайын халыққа медициналық қызмет көрсететін жекеменшік қызмет жеткізушілер үлесі артуда. Бұл пациенттің үздік клиниканы таңдауына мүмкіндік береді. Азаматтар мамандардың консультацияларын алуға, диагностикалық процедуралардан, оның ішінде жеке медициналық ұйымдарда ақылы негізде емес, МӘМС жүйесінде учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша өту мүмкіндігіне ие. Медицина ұйымында науқастарға көрсетілген медициналық қызметтер ақысын Қор төлейді, – деп түсіндірді ӘМСҚ елорда филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.
Тіркелген жері бойынша емханада қызмет көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда дәрігер осы қызметтерді көрсетуге бірлесіп орындау шарты жасалған басқа медициналық ұйымға жолдама беруі тиіс. Немесе пациент Қордың қызмет жеткізушілер тізбесінен осы қызметті көрсететін медициналық ұйымды өзі таңдай алады. Ондай жағдайда учаскелік дәрігер берген жолдама ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінде автоматты түрде бірлесіп орындау шартын қалыптастыруға негіз болып саналады.
![](/img/articles/7b1a597bacb73a79f46d492377784966.png)
![](/img/articles/1d34dc464dc44ea64de880e3403d63b5.jpg)
![](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![](/img/articles/7321d74ed83f1cf23f7206ef614de958.jpg)
![ШЫҰ кезінде медициналық мекемелер штаттық режимде жұмыс істейді](/img/articles/7b1a597bacb73a79f46d492377784966.png)
![Елордада жаңа радиофармпрепараты клиникалық тәжірибеге енгізілді](/img/articles/1d34dc464dc44ea64de880e3403d63b5.jpg)
![Астанада балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылық төмендеген](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![Астанада туберкулезге қарсы ақпараттық акция өтті](/img/articles/7321d74ed83f1cf23f7206ef614de958.jpg)
![Мектептер оқушылардың денсаулығын жақсарту бойынша жобаға қатысады](/img/articles/uploads/63a59fd6ce84f041163800_d6511233d7.jpg)
![Сенатта дәрігердің беделін арттыратын заң жобасы талқыланды](/img/articles/uploads/e30d9e7d7e244465b1051c1529a3afd1_42ddbf4b81.jpg)
![Жеке медициналық кітапшаны онлайн форматта алуға болады](/img/articles/uploads/20756_1710217951_m_ca17dc1e81.jpg)
![Елордада 15 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынады](/img/articles/uploads/9c0d314fb5aed34774857df77904d87a_1280x720_04fa99ebac.jpeg)
![Елімізде әйелдер арасында сүт безі обыры өршіп тұр](/img/articles/uploads/1591125425_priem_vracha_970a91377c.jpg)
![Астаналық дәрігерлер Қарағандыда күрделі ота жасады](/img/articles/uploads/52571446_373b_4f04_8ca9_750ccecec936_16b17199ed.jpg)
![Жүрек шаншып ауырса не істеу керек](/img/articles/uploads/63dd16381d600158822783_4ce1361c65.jpg)
![Төмен қан қысымы: себептері мен белгілері](/img/articles/uploads/6273bae815b69560351136_ed37679b22.jpg)
![Қант диабетінің алғашқы белгілері қандай?](/img/articles/uploads/uaa_6b6c8de0d3.jpg)
![Астанада балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылық төмендеген](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![Жүрек ауруынан хабар беретін 9 белгі](/img/articles/uploads/62443cc31304f569997815_305243de4f.jpg)
![Темекіні тастаудың ең оңай 5 жолы](/img/articles/uploads/6425524c66d85994741169_a8cca52e08.jpg)
![Тісті қатайту үшін не жеу керек](/img/articles/uploads/621764db258c5569373183_51cc149a47.jpg)
![Тәбеттің төмендеуіне не себеп болады](/img/articles/uploads/621dfc1c5e1be892418675_9f1e921433.jpg)
![Ара шағып алса, не істеу керек?](/img/articles/uploads/upa_89a3e82404.jpg)
![МӘМС жүйесін жетілдіру үшін елордада қандай жұмыстар атқарылып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_28_at_10_10_02_2a3ce13989.jpeg)