«Қаладағы субұрқақтарда неге шомылуға болмайды»: Елорданың бас санитар дәрігері түсіндірді
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты.
Фонтандағы су жиі жаңартылмайтынын ескерген жөн. Осыған байланысты вирустық және паразиттік ауруларды жұқтыру қаупі жоғары. Сондай-ақ, субұрқақта қаңғыбас иттер мен құстар шомылады, олар әртүрлі инфекциялардың қоздырғышы болуы мүмкін. Оның үстіне , жоғары ауа температурасында судағы микроорганизмдер тез көбейеді. Сондықтан субұрқақта шомылу суық тию қаупімен ғана емес, өткір ішек инфекциясына немесе конъюнктивитке де айналуы мүмкін. Сонымен қатар, энтеровирустық және ротавирустық инфекциялар, сондай-ақ А вирустық гепатиті үлкен қауіп төндіреді, – деді ол.
Бейсенованың айтуынша, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті эпидемиологиялық маусымда мамырдан қыркүйекке дейін зертханалық зерттеулерге су сынамаларын ала отырып, субұрқақтардың су сапасына санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізеді.
Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер анықталды: атап айтқанда, Байқоңыр және Сарыарқа аудандарында орналасқан («Жастар» сарайының жанындағы субұрқақ, «Есіл» СҮ ауданында, сондай-ақ Пушкин скверінде және Абай даңғылында) санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша субұрқақ кешендерінің суындабұлдырлық бойынша рұқсат етілген мәннің 1,1 - 1,7 есе артуы көрсетілді, – деді елорданың бас санитар дәрігері.
Сондай-ақ ол А.Молдағұлова ескерткіші мен «Жастар» театры маңындағы «Атырау» субұрқақ кешендерінің суында микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік анықталғанын жеткізді.
Субұрқақта жүзу кезінде, басқалармен қатар, жарақат алу қаупі жоғары. Фонтанның бетінде әдетте астыңғы жарық, ағынды саптамалар, жай саптамалар орналасады. Қосылған коммуникациялардың кесірінен механикалық және электр жарақатын алуыңыз ықтимал, – деді Сархат Бейсенова.
Осыған байланысты, астаналық СЭБД ата-аналарды балаларына қауіпсіздік және жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін түсіндіруге шақырады. Ешбір жағдайда балаларды қараусыз қалдырмай және оларға күн сайын шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түсу өте қауіпті екенін ескерткен жөн.
![](/img/articles/7b1a597bacb73a79f46d492377784966.png)
![](/img/articles/1d34dc464dc44ea64de880e3403d63b5.jpg)
![](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![](/img/articles/7321d74ed83f1cf23f7206ef614de958.jpg)
![ШЫҰ кезінде медициналық мекемелер штаттық режимде жұмыс істейді](/img/articles/7b1a597bacb73a79f46d492377784966.png)
![Елордада жаңа радиофармпрепараты клиникалық тәжірибеге енгізілді](/img/articles/1d34dc464dc44ea64de880e3403d63b5.jpg)
![Астанада балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылық төмендеген](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![Астанада туберкулезге қарсы ақпараттық акция өтті](/img/articles/7321d74ed83f1cf23f7206ef614de958.jpg)
![Мектептер оқушылардың денсаулығын жақсарту бойынша жобаға қатысады](/img/articles/uploads/63a59fd6ce84f041163800_d6511233d7.jpg)
![Сенатта дәрігердің беделін арттыратын заң жобасы талқыланды](/img/articles/uploads/e30d9e7d7e244465b1051c1529a3afd1_42ddbf4b81.jpg)
![Жеке медициналық кітапшаны онлайн форматта алуға болады](/img/articles/uploads/20756_1710217951_m_ca17dc1e81.jpg)
![Елордада 15 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынады](/img/articles/uploads/9c0d314fb5aed34774857df77904d87a_1280x720_04fa99ebac.jpeg)
![Елімізде әйелдер арасында сүт безі обыры өршіп тұр](/img/articles/uploads/1591125425_priem_vracha_970a91377c.jpg)
![Астаналық дәрігерлер Қарағандыда күрделі ота жасады](/img/articles/uploads/52571446_373b_4f04_8ca9_750ccecec936_16b17199ed.jpg)
![Жүрек шаншып ауырса не істеу керек](/img/articles/uploads/63dd16381d600158822783_4ce1361c65.jpg)
![Төмен қан қысымы: себептері мен белгілері](/img/articles/uploads/6273bae815b69560351136_ed37679b22.jpg)
![Қант диабетінің алғашқы белгілері қандай?](/img/articles/uploads/uaa_6b6c8de0d3.jpg)
![Астанада балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылық төмендеген](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![Жүрек ауруынан хабар беретін 9 белгі](/img/articles/uploads/62443cc31304f569997815_305243de4f.jpg)
![Темекіні тастаудың ең оңай 5 жолы](/img/articles/uploads/6425524c66d85994741169_a8cca52e08.jpg)
![Тісті қатайту үшін не жеу керек](/img/articles/uploads/621764db258c5569373183_51cc149a47.jpg)
![Тәбеттің төмендеуіне не себеп болады](/img/articles/uploads/621dfc1c5e1be892418675_9f1e921433.jpg)
![Ара шағып алса, не істеу керек?](/img/articles/uploads/upa_89a3e82404.jpg)
![МӘМС жүйесін жетілдіру үшін елордада қандай жұмыстар атқарылып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_28_at_10_10_02_2a3ce13989.jpeg)