Қазақстандық ғалым әзірлеген гидрогель көмегімен 15 адамға ота жасалды
![](/img/articles/uploads/628f64bd464af735287154_8eb6007a8b.jpg)
Үш ай ішінде фибринді гидрогельдің клиникалық сынақтары аясында 15 еріктіге ота жасадық. Пациенттердің көпшілігі - буындарында жасына байланысты өзгерістері бар адамдар. Операция 15 минуттан 25 минутқа дейін созылады. Сондай-ақ, барлық операция штаттық режимде жасалды. Науқастардың сауығу кезеңі алты айға созылады, бірақ егде жастағы науқастар үшін қалыпқа келу уақыты ұзағырақ болуы мүмкін. Осы кезең өткеннен кейін алғашқы нәтижелерді жариялай аламыз, - деді қазақстандық ғалым, Ұлттық биотехнологиялық орталық дің жасушалары зертханасының меңгерушісі Вячеслав Огай.
Ғалымдардың айтуынша, ұқсас диагноздармен емдеудің бірнеше әдісі бар, бірақ гидрогельді қолдану - зақымданған буындар мен шеміршекті толығымен қалпына келтіруге мүмкіндік беретін жалғыз әдіс. Ол БҒМ ғылымды мақсатты қаржыландырудың 2021-2022 жылдарға арналған бағдарламасы аясында әзірленген. Жобаға Ұлыбритания елшілігі қызығушылық танытып отыр. Клиникалық сынақтар академик Н. Батпенов атындағы Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығында наурыз айында басталды. Зерттеудің алғашқы екі кезеңі осы жылдың соңына дейін жалғасады. Кейін бірнеше орталықта клиникалық сынақтар өткізіледі. Нәтижесінде биомедициналық препарат тіркеліп, оны жаппай өндіру және қолдануға мүмкіндік пайда болады деген жоспар бар. Процедура ақылы да, квота бойынша тегін де жасалмақ.
![](/img/articles/7b1a597bacb73a79f46d492377784966.png)
![](/img/articles/1d34dc464dc44ea64de880e3403d63b5.jpg)
![](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![](/img/articles/7321d74ed83f1cf23f7206ef614de958.jpg)
![ШЫҰ кезінде медициналық мекемелер штаттық режимде жұмыс істейді](/img/articles/7b1a597bacb73a79f46d492377784966.png)
![Елордада жаңа радиофармпрепараты клиникалық тәжірибеге енгізілді](/img/articles/1d34dc464dc44ea64de880e3403d63b5.jpg)
![Астанада балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылық төмендеген](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![Астанада туберкулезге қарсы ақпараттық акция өтті](/img/articles/7321d74ed83f1cf23f7206ef614de958.jpg)
![Мектептер оқушылардың денсаулығын жақсарту бойынша жобаға қатысады](/img/articles/uploads/63a59fd6ce84f041163800_d6511233d7.jpg)
![Сенатта дәрігердің беделін арттыратын заң жобасы талқыланды](/img/articles/uploads/e30d9e7d7e244465b1051c1529a3afd1_42ddbf4b81.jpg)
![Жеке медициналық кітапшаны онлайн форматта алуға болады](/img/articles/uploads/20756_1710217951_m_ca17dc1e81.jpg)
![Елордада 15 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынады](/img/articles/uploads/9c0d314fb5aed34774857df77904d87a_1280x720_04fa99ebac.jpeg)
![Елімізде әйелдер арасында сүт безі обыры өршіп тұр](/img/articles/uploads/1591125425_priem_vracha_970a91377c.jpg)
![Астаналық дәрігерлер Қарағандыда күрделі ота жасады](/img/articles/uploads/52571446_373b_4f04_8ca9_750ccecec936_16b17199ed.jpg)
![Жүрек шаншып ауырса не істеу керек](/img/articles/uploads/63dd16381d600158822783_4ce1361c65.jpg)
![Төмен қан қысымы: себептері мен белгілері](/img/articles/uploads/6273bae815b69560351136_ed37679b22.jpg)
![Қант диабетінің алғашқы белгілері қандай?](/img/articles/uploads/uaa_6b6c8de0d3.jpg)
![Астанада балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылық төмендеген](/img/articles/23b7bcc64fe53669d7ee16b6ad694b5e.jpeg)
![Жүрек ауруынан хабар беретін 9 белгі](/img/articles/uploads/62443cc31304f569997815_305243de4f.jpg)
![Темекіні тастаудың ең оңай 5 жолы](/img/articles/uploads/6425524c66d85994741169_a8cca52e08.jpg)
![Тісті қатайту үшін не жеу керек](/img/articles/uploads/621764db258c5569373183_51cc149a47.jpg)
![Тәбеттің төмендеуіне не себеп болады](/img/articles/uploads/621dfc1c5e1be892418675_9f1e921433.jpg)
![Ара шағып алса, не істеу керек?](/img/articles/uploads/upa_89a3e82404.jpg)
![МӘМС жүйесін жетілдіру үшін елордада қандай жұмыстар атқарылып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_28_at_10_10_02_2a3ce13989.jpeg)