00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстанда маймыл шешегін жұқтыру оқиғасы тіркелмеді – ДСМ

25.02.2023 | 07:10
Елорда ақпарат
50

Мемлекеттік шекара арқылы өткізу орындарында санитарлық-карантиндік бақылау жүзеге асырылады. Мемлекеттік шекарада аса қауіпті ауруларға күдікті науқасты қашықтан термометрия арқылы анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде, - деп атап өтті Бас санитарлық дәрігер – Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.

Маймыл шешегі – сирек кездесетін жұқпалы ауру, қызба, жалпы интоксикация және экзантеманың пайда болуымен сипатталады.

Инкубациялық кезең – 5-тен 21 күнге дейін созылады. Адамдарда клиника жоғары қызба, дененің ауыруы, әлсіздік, бөртпе, құсу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бас айналуымен сипатталады.

Маймыл шешегі бүгінде Батыс Африка елдерінде кең таралған (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д ' Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан). Африкада жағдайлардың саны тез өсуде, 2016 жылдан бастап, ресми ақпарат көздеріне сәйкес, ауру 20 есе өсті. Ең үлкен індеттер Нигерия мен Конгода тіркелді.

ДДҰ-ның алдын ала мәліметтері бойынша, Африка құрлығынан тыс әлемнің 14 елінде (Испания, Португалия, Ұлыбритания, Бельгия, Канада, Германия, Италия, Аустралия, Нидерланды, АҚШ , Израиль, Франция, Швейцария, Швеция) 110 жағдай тіркелген.

Все новости