00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Лимон қосылған судың ағзаға қандай пайдасы бар

25.02.2023 | 04:29
Елорда ақпарат
130

Лимон салынған судың өзіндік пайдасы. Әсіресе, вирустық аурулар жұққанда, иммунитет көтеру үшін өте маңызды. Сондай-ақ лимон су ағзада темір мен мырыш, басқа да минералды заттардың жақсы сіңуіне, коллагеннің синтезделуіне көмектеседі.

Тағы бір пайдасы – ас қорытуға көмектесетіні. Лимон қосылған су асқазан қышқылы мен өт сөлінің бөлінуін тездетеді де, соның әсерінен майлы тағам жылдам қорытылады. Ол үшін лимон суды асқа дейін 30 минут бұрын ішкен жөн.

Бірақ мамандардың айтуынша, лимон қосылған суды аш қарынға ішуге болмайды. Өйткені жоғарыда айтылғандай, лимон қосылған судың өзі қышқыл болғандықтан, асқазан қышқылын тез көтеріп жібереді. Сондықтан таңертең 1-2 стақан жай жылы су ішкен абзал.

Все новости