Қазақстанда қатерлі ісікке шалдыққандар саны 10 пайызға көбейді
«Бізге көбінесе асқынып кеткендер, уақыты шамалы созылып кеткен кезде келеді. Уақытылы қаралмаса, анықтау қиын. Егер 0,1,2 стадиялар 90-100 процент емделіп кетеді. Көбінесе келетіндер сезбейді, анықталмайды», -деді Көпсалалы медицина орталығы бас дәрігерінің орынбасары Кәрімжан Құсайынов.
Қазақстан бойынша Солтүстік Қазақстан облысында қатерлі ісікпен ауыратындар көп. Одан кейін Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары тұр. Солтүстік Қазақстан облысы – 289, Қостанай облысы – 268, Павлодар облысы – 263, Шығыс Қазақстан облысы – 252, Батыс Қазақстан облысы – 208, Атырау облысы – 133, Қызылорда облысы – 132, Жамбыл облысы – 128, Маңғыстау облысы – 125, Алматы қаласы – 191, Нұр-Сұлтан қаласы – 164, Шымкент қаласы – 116, Түркістан облысы – 86,5.
Елімізде онкологиялық ауруларды анықтау, емдеу тегін. Тек мамандар 2-3 жыл сайын скринингтен өтуге кеңес берді.