00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Жол ережесін бұзған жүргізушіге 6,5 миллион теңге айыппұл салынды

13.05.2024 | 15:01
122
Жол ережесін бұзған электромобиль иесінің айыппұлы 6 миллионнан асып кеткен
Фото: Алматы полиция департаменті

Алматы полициясы 6,5 миллион теңге айыппұл төлемеген жүргізушіні ұстады, деп хабарлады Elorda.info Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті полицияның құрығына Zeekr маркалы автокөлігі түскен. Полиция дерегінше, оның жүргізушісі 189 рет жол ережесін бұзыпты.

Аталған көлік Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында ұсталды. Айыппұл бойынша берешек сомасы 6 миллион 696 мың теңгені құрады. Бұл негізінен жылдамдықты асыру, қоғамдық көлік жолағына шығып кету және белгілеу ережелерін бұзу. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Все новости