Қызылорда облысында сапалы жолдың үлесі 87,5 пайызға жетті
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/0b661578_1c30_4ea6_9431_470ca935ca29_09119500bd.jpg)
Биыл Қызылорда облысында республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 36 млрд теңгеге 569 шақырым автомобиль жолы жөндеуден өтті. Облыстағы жақсы жағдайдағы жолдың үлесі 87,5 пайызға жетті. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлады Elorda.info.
2024 жылы республикалық бюджеттен бөлінетін 14,3 млрд теңгеге жол инфрақұрылымын жетілдіріп, сапалы жолдар үлесін 92 пайызға жеткізу межеленген, – деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, жылдар бойы күн тәртібінен түспеген «Қызылорда-Жезқазған» автожолы Президенттің тікелей тапсырмасымен қайта жаңғыртылуда. Жоба құны – 108,5 млрд теңге. Қызылорда облысының аумағына тиесілі 216 шақырым жолдың 104 шақырымы аяқталды. Қалған бөлігі 2025 жылы халық игілігіне беріледі. Мұнан бөлек, көпшілікті толғандырған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Ақтөбе қаласына дейінгі аумағын төрт жолақты жолға айналдыру мәселесі де Мемлекет басшысының тапсырмасымен шешімін таппақ.
Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін теміржол өткелдері мен аспалы көпірлер салынуда.
Мәселен, Жалағаш кентіндегі 222 млн теңгенің теміржол өткелінің құрылысы мамыр айында басталды. Мердігер мекеме «СтандартОйлКзо» ЖШС жұмысты жылдың соңына дейін бітіреді деп жоспарлануда.
Арал ауданындағы көпір өткелінің мердігері – «РИТМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Құны 3,1 млрд теңге болатын көпірдің ұзындығы 940 метр, екі жағына жаяу жүргіншілер жолы мен түнгі жарық шамдары орнатылады. Жақын жерде орналасқан тұрғындарға қолайсыздық тудырмас үшін дыбыс басқыш құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
![](/img/articles/641c1ee0e4b228a221ba81a7ab86b7aa.jpg)
![](/img/articles/46492261baf6d3088db7b3b8ce03ee47.webp)
![](/img/articles/9c7608d7f0caca917e5a3d3576942b7a.jpg)
![](/img/articles/47716816578c1785bcf9971e3962d5d3.jpeg)
![Таяу Шығыстан Қазақстанға есірткі жеткізумен айналысқандар ұсталды](/img/articles/641c1ee0e4b228a221ba81a7ab86b7aa.jpg)
![Дина Төлепберген: 3 миллиондай Cobalt алуға болар еді](/img/articles/46492261baf6d3088db7b3b8ce03ee47.webp)
![Мейрам күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді](/img/articles/9c7608d7f0caca917e5a3d3576942b7a.jpg)
![Қазақстанда Сейсмология саласын дамытудың кешенді жоспары қабылданды](/img/articles/47716816578c1785bcf9971e3962d5d3.jpeg)
![Елордада жас дарындардың қатысуымен гала-концерт өтеді](/img/articles/2e8e7fcc02e19f4e7a09045ed99fa48f.jpg)
![Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов](/img/articles/265c0a4bebc8292c69964d17f14d53c5.jpg)
![Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті](/img/articles/3772da515b8a303030b601b1027ae84c.jpg)
![Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады](/img/articles/9038e0736284e5371dc5035b97da03fd.jpg)
![Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі](/img/articles/50693130f3131ecc68e0bce775c77fff.jpg)
![Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды](/img/articles/7e8ce5cdbeea73413885121d7cb639e0.jpeg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)