00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Астанада танымал жұлдыздар ағаштар отырғызды

22.05.2024 | 10:18
229
Танымал жұлдыздар Астанада ағаштар отырғызды
Фото: Аруза Боранбаева, Нурия Куанышкалиева

Мәдениет және өнер қызметкерлер күніне орай танымал жұлдыздар «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгінгі акцияға 60-тан астам өнер иелері келіп, ағаштар отырғызып жатыр. Осылайша олар қаламыздың таза әрі жасыл желектердің көп болуына үлес қосуда. Бұл – қуантарлық жайт, - деді қалалық Мәдениет басқармасы мәдениет және өнерді дамыту бөлімінің басшысы Ақерке Жұманбаева.

Олардың арасында Еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова, театр және кино әртісі Гүлмира Жакилина және т.б. бар.

Бүгінгі мерекеде біз бір-бірімізді құттықтап қана қоймай, республикалық экоакцияға қолдау білдіріп жатырмыз. Ағаш отырғызу – игі іс. Айналаны көркейтуге біздің театрдың ұжымы да атсалысуда. Кәсіби мейраммен барлық әріптестерімді құттықтаймын. Оларға шығармашылық табыстар тілеймін,  - деді М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры Айболат Жаудыр.

Көпке танымал әнші Майра Ілиясова осыған дейін де бірнеше экологиялық акцияға қатысқанын айтты.

Қалада өткен сенбіліктердің бірінде әріптестермен бірге «Керей-Жәнібек хандар» ескерткішінің маңында тазалау жұмыстарын жүргіздік. Бүгін де осындай іс-шараға келіп, ағаш егіп, өз үлесімізді қосып жатырмыз. «Таза Қазақстан» экоакциясы – керемет бастама. Ары  қарай да жалғасын табады деген үміттемін. Менің ойымша, әр азамат өз қаласын таза ұстауы қажет, - деді өнер иесі.

 Биыл Астанада миллионға жуық жасыл желек  отырғызу жоспарланып отыр.

Бүгін – ерекше мереке. Кәсіби мейрам күні ағаш егу, қаланың тазалығын сақтауға атсалысу мәдениеттің үлгісі деп санаймын. Мінеки, бүгін экоакцияға қатысып, еліміздің және  елордамыздың көркіне көрік қосып жатырмыз. Айналамызда ағаштардың жайқалып өсуі - экологиямызға қосқан үлкен үлес болмақ, - деді Астаналық цирк МКҚК директоры Ерік Жолжақсынов.

АРУЗА Боранбаева 
НУРИЯ Куанышкалиева

Все новости