00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Шымкент тұрғыны марихуана шегіп алып көлік тізгіндеген

22.05.2024 | 16:34
152
Шымкент тұрғыны марихуана шегіп алып көлік тізгіндеген
Фото: видеодан скрин

Патрульдік полицейлер бейнебақылау инспекторларының нұсқауы бойынша масаң күйдегі ер адамның басқаруындағы Kia Rio автокөлігін тоқтатты, деп хабарлады Elorda.info.

Жүргізуші автотұрақтардың біріне тоқтап, қолдан жасалған шегу құрылғысы арқылы есірткі затын қолданып, көлік жүргізуін жалғастырған. Бұл құқық бұзушылық көшедегі камераларға түскен, - делінген ІІМ хабарламасында.

Медициналық куәландыру нәтижесі ер азаматтың есірткілік масаң күйде екенін растады.

Заң бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Все новости