Судың да сұрауында мән бар
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/444_b7b99612c9.jpg)
Биылғы жылдың Орталық Азия елдері көшбасшыларының кездесуінде, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Қазақстан төрағалық ететін Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының кеңейтілген көпжақты кездесулерде үш перспективалық келелі тақырыпты үнемі көтеруде, бұл энергетикалық қауіпсіздік, инвестициялық-интеграциялық ынтымақтастық және сумен қамтамасыз етудің жолдары. Соңғы өзектіліктің жыл санап ушығып бара жатқанын ескерсек, керек десеңіз, су үшін қақтығыс аймақтарының орнауына қауіптің алаңдатарлығы анық. Президент өз сөздерінде, суды мұнайдан да қымбат табиғи ресурсқа теңеген байлық болатынын ескерткені есімізде...
Қазақстанның трансұлттық өзен суларының аумақтық қажеттілігі 90 пайызға жетіп артылуы, қысқа мерзімде Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қытай, Ресей сияқты көрші елдермен ортақ мәмілеге келудің маңыздылығы артуда. Өкінішке орай, суға қажеттілік маусымдық науқан кездері әсіресе көктем-жаз мерзімдерінде көрініс табады.
Ел аумағында егер 15 млн шаршы куб судың орналасуын ескерсек, бұл тек табиғи өздігінен немесе сырттан тасымалданатын трансұлттық су желілерінің арнайы саяси шешімдерге, ішкі заңнамалық қолдаудың салдарына байланысты екендігін көрсетеді. Билік осы тарапынан, су ресурстарын реттеуге арнайы Су шаруашылығының құзырлы министрлігін ашып, науқандық су мәселелерін жан-жақты зерттеп саяси шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Бұл жағынан, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында, құзырлы органның құрылумен, ғылыми жағынан қолдауға маманданған жоғары оқу орындарын ашуды, ғылыми шешімдермен су ресурстарын реттеуге ғалымдарды тарту көзделгенін жеткізген болатын. Бастама орынды.
Дегенмен, жұмыс та баршылық. Ең алдымен көрші Қырғыз елінің практикасындай арнайы Су кодексін және заңнамалық нормативтік мазмұнын қабылдап алу күн тәртібінде тұрған бағыт. Екіншіден, трансұлттық өзенсу жүйелерінен тыс ішкі су ресурстарының шешімін анықтап, аграрлық-ауыл шаруашылығының су тапшылығын жою бастамасы байыпты зерттеулерді қажет ететіндігін ескеру қажет.
Ал, ауыз су мәселесіне келгенде, Парламент қабырғасында да бір емес бірнеше су мәселесіне қатысты депутаттық сауалдың орын алуы, әлі де нақты осы бағытта қадамдардың қоғамға беймәлім екендігін көрсетуде. Мәселен, Президенттің берген тапсырмаларында 2026 жылға дейін ауыз сумен елді-мекендерді қамтылуы толық 100 пайызға орындалу жайында немесе 15 өзен суын сақтайтын қойманың республика бойынша салынуы, тозығы жеткен шлюздер мен каналдар иррегацияларына су инженерлік жұмыстарының жүргізу мерзімдерімен, оған жұмсалатын шығын көлемдері т.с.с. қыруар баптардың орындалуы, әлі де ашық талқылау деңгейінде екені анық. Сол себепті, тиісті құзырлы органның осы бағыттағы атқарып жатқан шаруаларында ашықтық пен кері байланыстың жетіспейтіні бар сияқты.
Су ресурстарының осы күнде жер сияқты, тістегеннің аузында кетіп, жекеменшікке өтіп кеткен стратегиялық даму нысандық маңызы бар көлдер мен тоғандардың мемлекетке қайтарылуы да өзекті тақырыптың біріне айналып отыр. Бұл жағынан, халық қалаулыларынан құралған комиссиялардың қоғамдық бақылау шаралары орынды. Өйткені, мемлекетке 8,5 млн гектар жердің «Жер аманаты» бастамасымен қайтарылып жатқанын ескерсек, арнайы «Су аманаты» деген атпен қолға алынатын шаруа екенін де қарастырса құба-құб болары еді.
Әрине, ауыл шаруашылығы мен ауызсу мәселесіне келгенде, қоғам тарапынан сумен қарым-қатынаста сәйкесінше үнемділік мәдениетінің жеткіліксіздігі айдан анық. Табиғи нағыз өнім ретінде, судың да сарқылатынын ескерген жөн. Халқымыз «судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаған. Әлемдік практикада, Сингапур сияқты дамыған «арыстандар қаласы» атты елдің өзінде, суды қасындағы көрші Малайзия сияқты елдерден сатып атып ішуін, сонымен қатар, теңіздің ащы суын ғылыми инновациялық жолмен ішуге жарамды етіп тұщыландыруға қол жеткізгенін айтсақ, Қазақстанның суға деген қарым-қатынасын қайта рационалды қарауға, тиесінше суды дұрыс қолдану мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән беруі маңызды.
Мақсат ЖАҚАУ
![](/img/articles/9c7608d7f0caca917e5a3d3576942b7a.jpg)
![](/img/articles/47716816578c1785bcf9971e3962d5d3.jpeg)
![](/img/articles/2e8e7fcc02e19f4e7a09045ed99fa48f.jpg)
![](/img/articles/265c0a4bebc8292c69964d17f14d53c5.jpg)
![Мейрам күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді](/img/articles/9c7608d7f0caca917e5a3d3576942b7a.jpg)
![Қазақстанда Сейсмология саласын дамытудың кешенді жоспары қабылданды](/img/articles/47716816578c1785bcf9971e3962d5d3.jpeg)
![Елордада жас дарындардың қатысуымен гала-концерт өтеді](/img/articles/2e8e7fcc02e19f4e7a09045ed99fa48f.jpg)
![Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов](/img/articles/265c0a4bebc8292c69964d17f14d53c5.jpg)
![Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті](/img/articles/3772da515b8a303030b601b1027ae84c.jpg)
![Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады](/img/articles/9038e0736284e5371dc5035b97da03fd.jpg)
![Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі](/img/articles/50693130f3131ecc68e0bce775c77fff.jpg)
![Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды](/img/articles/7e8ce5cdbeea73413885121d7cb639e0.jpeg)
![Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді](/img/articles/51fec31511ee1ee9a9cb384800c04632.jpg)
![Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент](/img/articles/cee2d1381e6b4f856ad371422e76fe5f.jpeg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)