Су тасқынынан зардап шеккен 6 мыңнан астам отбасыға өтемақы төленді
![Су тасқынынан зардап шеккен 6 мыңнан астам отбасыға өтемақы төленді](/img/articles/3c4f15a80028152ef1b2898c943c4d90.jpg)
Елімізде су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында вице-премьер Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Зардап шеккендерді баспанамен қамту
67 мыңнан астам адам өз үйіне оралды. Эвакуациялық пункттердегі 3 664 тұрғынға барлық қажетті көмек көрсетіледі.
Су тасқынынан зардап шеккендердің жалғыз баспанасы саналатын 12 086 тұрғын үй мен 7 380 саяжай құрылысы су астында қалды. Зардап шеккен өңірлерде 18 228 тұрғын үй тексеріліп, 15 651 объект бойынша бағалау аяқталды.
Бағалау қорытындысы бойынша 9 306 үй жөндеуге жатқызылды, 8 190 үй қалпына келтірілмейтіні анықталды, олар бойынша қайталама нарықта 5 714 үй мен пәтер сатып алу, сондай-ақ үлгілік жоба бойынша 2 576 үй салу жоспарлануда.
Жалпы, тұрғын үйді қалпына келтіруге шамамен 257 млрд теңге қажет.
Қазіргі уақытта тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге 40 млрд теңгеге өтемақы 6 176 отбасына берілді. 3 414 отбасы қираған баспанасының орнына жаңа үй мен пәтер алды.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 2,5 мың жаңа үйдің құрылысы басталды.
100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлемдер
24 маусымдағы жағдай бойынша 33 321 отбасы 12 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды.
Бұл жұмыс Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарында және Абай, Ұлытау облыстарында толығымен аяқталды. Төлемдер Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Атырау облыстарында жалғасуда.
Қосымша шаралар
Зардап шеккен тұрғындарға 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде жоғалған қажетті заттарды сатып алу үшін қосымша өтемақы төленеді. 15 355 отбасы 7,6 млрд теңгеге өтемақы алды.
Суға кеткен малдың өтемі үшін мемлекеттік көмек көлемі 2,8 млрд теңгеден асты.
Зардап шеккен бизнестің шығынын өтеу бойынша жұмыс басталды. Қазіргі уақытта өңірлік комиссиялар ШОБ субъектілерінің жалпы сомасы 833 млн теңгеден асатын 124 өтінімін қарап, мақұлдады.
Әкімдіктердің алдын ала бағалауы бойынша 797 ШОБ субъектісі 24,1 млрд теңге сомасында зардап шеккен. Осы объектілер бойынша бағалау және сметалық жұмыстар жүргізіледі, олардың қорытындысы бойынша өтінімдер өңірлік комиссиялардың қарауына шығарылатын болады.
Инфрақұрылымды қалпына келтіруге жалпы қажеттілік 48,7 млрд теңгеге бағаланды. Бұл қаражат автомобиль жолдарын, электрмен жабдықтау желілерін қалпына келтіруге және әлеуметтік объектілерді жөндеуге бағытталады. Бүгінгі таңда 39,8 млрд теңгеге жобалар дайындалды. Құжаттама Қаржы министрлігіне келіп түсуіне қарай Үкімет басқа жобалар бойынша шешім қабылдайтын болады.
![](/img/articles/c48e946596a52e2a0dccfdba11e43680.jpeg)
![](/img/articles/7659905222deadc4e227bc0a410e6359.jpg)
![](/img/articles/dcfca772e4165ad9c1a0996b13c43af5.jpg)
![](/img/articles/27a379ea806131716a7b4be41f4596ff.jpg)
![Шілде айында қай өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін](/img/articles/c48e946596a52e2a0dccfdba11e43680.jpeg)
![«Сот-сексологиялық сараптама»: Қазақстандық соттарда жаңа әдістеме енгізіледі](/img/articles/7659905222deadc4e227bc0a410e6359.jpg)
![Елорда күніне орай Bozjyra Fashion Week Astana шарасы өтеді](/img/articles/dcfca772e4165ad9c1a0996b13c43af5.jpg)
![Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды](/img/articles/27a379ea806131716a7b4be41f4596ff.jpg)
![Ішкі істер органдары халыққа 105 қызмет түрін көрсетеді](/img/articles/7bcd533a46a6c4b1dd2cf549ff8f571e.jpg)
![Елордада дауылды ескерту жарияланды](/img/articles/d812df8b5c1f4390c861397f72e0ec98.jpg)
![«Қойшы бала» өнерден кететінін мәлімдеді](/img/articles/35618ebb37ef648b52826911e8a899e5.jpg)
![1 қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы көбейеді](/img/articles/8fdb6392a55cdb34e743ccd87da305ee.jpg)
![Қостанай облысында 70 шетел азаматы құтқарылды](/img/articles/f8dbc3e8a67cc157d748a000d539c28c.jpg)
![Каспий теңізінің деңгейі көтерілді](/img/articles/3687a63103f188b09b1390e288bd42f2.png)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)