00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Каспий теңізінің деңгейі көтерілді

01.07.2024 | 14:04
Олжас Сүлейменов
160
Каспий теңізінің деңгейі 119 см-ге көтерілді
Фото: Бақтыгүл Бурбаева

Биыл Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің (Атырау облысы) деңгейі 119 см-ге көтерілді, деп хабарлады Elorda.info Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, сәуір-мамыр айларында Жайық өзені арқылы тасқын суының мол келуі, сондай-ақ Су ресурстары және ирригация министрлігі мен жергілікті әкімдік бірлесіп салған қосымша арналар тиімді әсер етті.

Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны кезінде Каспий теңізіне Жайық өзені арқылы шамамен 7,4 млрд текше метр су жіберілді. Тасқын суын теңізге өткізу үшін Атырау облысы бойынша «Қазсушар» филиалы қосымша каналдарды пайдаланды. Ол арналар арқылы Каспийге 350 млн текше метр су барды.

«Қазсушар» мамандары арналардың барлығында тазарту, нығайту және басқа да жұмыстар жүргізді. Мысалы, «Соколок» каналының бойында ұзындығы 14,5 шақырым болатын қосымша канал қазылды, ол арқылы тасқын суы Каспийге жіберілді.

«Тасқын суы тек су қоймаларына жиналып қана қоймай, 12,4 миллиард текше метр су тоғандарға, лимандар мен табиғи шабындықтарға жіберілді. Су тасқыны басталғаннан бері Балқаш көліне 3,3 млрд текше метр су жіберілді. Сонымен қатар, Солтүстік Аралға су жіберу жұмысы жалғасып жатыр. Жыл басынан теңізге 1,1 млрд текше метрден астам су келді», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

Все новости