00:00
Астана -10oC
USD:
475.18
EUR:
510.72
RUB:
5.47
Поиск

Су тасқыны салдарынан өңірлерде 12 мыңнан астам мал өлді – министрлік

06.06.2024 | 17:31
Торғын Аман
98
Су тасқыны салдарынан өңірлерде 12 мыңнан астам мал өлді – министрлік
фото: ОКҚ

Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне қарағанда су тасқыны салдарынан қырылған төрт түлік 12 450 басты құрайды. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин осындай деректерді келтірді, деп хабарлады Elorda.info.

Су басу кезеңі басталғалы өңірлерде қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде 140 мыңға жуық бас мал қауіпсіз жерлерге көшірілді.

«Өлген малдардың өлекселері жиналып, жойылды. Келтірілген залал 100 пайыз өтелді», - деді спикер.

Оның айтуынша, су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб 7 сәуірде су тасқынынан өлген малдың құнын өтеу жөніндегі алгоритмді бекітті. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласындағы табиғи сипаттағы ТЖ салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидалары әзірленіп, бекітілді.

Все новости