00:00
Астана -10oC
USD:
475.18
EUR:
510.72
RUB:
5.47
Поиск

Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы қайта қаралады

15.04.2024 | 08:32
117
Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы қайта қаралады
Фото: ашық дереккөз

Су ресурстары және ирригация министрлігі бұл құжатқа су тасқынының алдын алу және оның шығындарын азайту жөніндегі кешенді іс-шаралар қосады. Ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева ОКҚ алаңында осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elorda.info

Сондай-ақ ол брифинг барысында еліміздегі су қоймаларының жағдайына тоқталып өтті. 

Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Мұнда су тасқынының белсенді кезеңі өтіп, салалары тұрақтанды. Жабай өзенінің реттелмейтін ағынының артуына байланысты Атбасарда су тасқыны жалғасып жатыр. Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100% толы, су тасқыны жалғасып жатыр. Екі су қоймасы да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр, бұзылу қаупі жоқ, – деді ол. 

Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі – 1 243 см, бір тәулікте ол 103 см-ге көтерілді. Мамандар су өткізу іс-шараларын атқарып жатыр. Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%. Өңірдегі жағдай тұрақты. Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 80%. 

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 89%-ға толды. Өңірде су тасқыны жалғасуда. Шүлбі су қоймасына ағындардың ұлғаюына байланысты табиғат қорғау іс-шаралары аясында су жіберу жұмысы жүргізілуде. Жалпы, Ертіс каскадының су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр. Батыс Қазақстан облысында төрт ірі су қоймасының орташа су жинауы 74%. Иреклі су қоймасынан жіберілген су әлі Қазақстан шекарасына жеткен жоқ. Бұған қатысты болжам өзгермеді. Бұл су 16-17 сәуірде келеді деп күтілуде, – деді М.Әбдуалиева.

Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99%-ға толы, өңірде су тасқынының қауіпті кезеңі өтті. Жағдай тұрақты. Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 93%, су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Қаратомар су қоймасы транзиттік режимде жұмысын жалғастыруда. Барлық нысандарда тәулік бойы кезекшілік жалғасуда, сағат сайын су шаруашылығы жағдайына мониторинг жүргізіледі.

Все новости