00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

СҚО-да адам өлтірді деп айыпталған 2 адамды алқабилер ақтап алды

18.06.2024 | 16:53
Торғын Аман
96
СҚО-да алқабилер адам өлтірді деп айыпталған 2 адамды ақтап алды
фото: дереккөзден

СҚО-да Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотта алқабилердің қатысуымен қарақшылық шабуыл жасады және кісі өлтірді деген айыппен екі адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сонымен қатар олар бөтеннің мүлкін ұрлады деп айыпталған, деп хабарлады Elorda.info.

Жоғарғы Соттың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, айыпталушы адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жәбірленушінің үйінің ауласына кіріп, оны өлтіріп, 150 мың теңгесін ұрлап кеткен.

Бұған қоса екі айдан кейін айыпталушылардың бірі әжесінің, одан кейін досының 2 млн теңгеден астам ақшасын ұрлаған.

«Тонау және кісі өлтіру бойынша кінәлары дәлелденбегендіктен айыпталушылар кінәсіз деп танылып, ақталды. Біреуі бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде кәмелетке толмағандығы, кінәсін ішінара мойындауы және 3-топтағы мүгедектігі барлығы аталды. Ол 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - деп көрсетті Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі.

Все новости