00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Әскери бөлім жаңа сарбаздармен толықты

06.06.2024 | 11:52
Сабина Кәкімжан
95
Әскери бөлім жаңа сарбаздармен толықты
Фото: ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөлімі жас сарбаздар мен толықты, деп хабарлады Elorda.info.

Әскери бөлімге  Маңғыстау, Түркістан, Алматы облыстары мен Алматы қаласының өзінен 115 тен астам сарбаз шақыртылған болатын.  Бұл туралы Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Отан алдындағы борышын өтеуге келген сарбаздарды теміржол вокзалынан әскери бөлім оркестрінің сазды әуені мен бірге 6655 әскери бөлімінің командирі полковник Аймағамбетов Еділхан Андирович қарсы алды.  Содан кейін оларды әскери бөлім басшылығы және оқу пунктінің әкімшілігі әскери бөлім аумағында күтіп алды.

Жас сарбаздарға барлық жағдай жасалған және де олар барлық қажеттілікпен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта әскери бөлімге келген жас сарбаздарды әскери өмірге бейімдеу мақсатында бір ай көлемінде жас жауынгер атты арнайы курстан өткізіледі, -  деді әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Төрехан Торытбаев.

  Қазіргі уақытта жас сарбаздар әскери өмірдің барлық қыр-сырларымен таныса бастады. Алдағы уақытта  сарбаздар салтанатты түрде ант қабылдайды. Ал бұл іс-шара шілде айына жоспарланып отыр.

Все новости