00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Семейде із-түзсіз жоғалып кеткен балалардың бірінің денесі табылды

17.05.2024 | 09:28
128
Семейде із-түзсіз жоғалып кеткен балалардың бірінің денесі табылды
фото: ашық дереккөзден

Семейде жоғалып кеткен ағайынды балалардың бірінің денесі табылды, екіншісін іздеу жалғасып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

16 және 18 жастағы балалар хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарлама түскеннен кейін оларды іздеуге Семей полиция гарнизоны жұмылдырылды. Іздеу шараларына Ұлттық ұлан, полиция, құтқарушылар, еріктілер, сондай-ақ белсенді азаматтар қатысып жатыр.

15 мамырда 18 жасар қыздың денесі «Құрылысшы» профилакториясының маңында суда табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, бірқатар сараптамалар тағайындалды.

«Туыстарына және жақындарына қайғырып көңіл айтамын», — деді Абай облысы ПД бастығы Бектөре Сұлтан.

Все новости