00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Рәміздер күні: Челленджге 20 мыңнан астам адам қатысты

05.06.2024 | 10:14
Сабина Кәкімжан
99
Рәміздер күні: Челленджге 20  мыңнан астам адам қатысты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

«Рәміздерім – мақтанышым» атты челленджге 20 000-нан астам адам қатысты, деп хабарлады Elorda.info Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік рәміздер күніне орай, жастар саясаты саласында 1000-нан астам іс-шара ұйымдастырылды. Мереке аясында Мемлекеттік туды көтеру рәсімі, көліктер шеруі өтті. Кей өңірлердегі белсенділер «Taxi Show» зияткерлік акциясын бастады.

Әлеуметтік желіде Алматы қаласы студенттер Альянсы ұйымдастырған «Рәміздерім – мақтанышым» атты челленджге 20 мың адам қатысты.

Мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатында, Жастар ресурстық орталықтары 10 мыңнан астам жалауша таратты.

Все новости