Президент Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/pr_b1ed128151.jpg)
Мемлекет басшысы Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің биылғы 10 айда атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде баяндалды.
Асхат Жұмағалидың баяндамасынан:
-осы уақыт ішінде елімізде жемқорлыққа қатысты 1500-ге жуық қылмыс тіркеліп, 1100-ден астам адамның ісі әшкереленді. Оның 158-і – түрлі деңгейдегі басшылар;
-сотқа мыңнан астам іс жолданып, 282 миллиард теңге шығын өтелді;
-2022 жылдан бері бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне құны шамамен 857 миллиард теңге болатын мүлік активтері мен қаржы қайтарылған;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын жүзеге асыру аясында тапсырылу мерзімі кешіктірілген, қаржы жымқыру қаупі бар әлеуметтік нысандар құрылысына мониторинг жүргізіліп жатыр. Агенттік еліміздің барлық өңірі бойынша жалпы бюджеті 2,44 триллион теңгені құрайтын осындай 156 нысан бар екенін анықтаған;
-азаматтық қоғаммен өзара тығыз қарым-қатынас орнату арқылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы іске асырылуда. Қазіргі уақытта жемқорлықтың белең алуына бей-жай қарамайтын 2 мыңнан астам азамат бұл бастамаға атсалысып жатыр.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлыққа қарсы іс-қимылды және алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған жүйелі жұмысты жалғастыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
![](/img/articles/9c7608d7f0caca917e5a3d3576942b7a.jpg)
![](/img/articles/47716816578c1785bcf9971e3962d5d3.jpeg)
![](/img/articles/2e8e7fcc02e19f4e7a09045ed99fa48f.jpg)
![](/img/articles/265c0a4bebc8292c69964d17f14d53c5.jpg)
![Мейрам күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді](/img/articles/9c7608d7f0caca917e5a3d3576942b7a.jpg)
![Қазақстанда Сейсмология саласын дамытудың кешенді жоспары қабылданды](/img/articles/47716816578c1785bcf9971e3962d5d3.jpeg)
![Елордада жас дарындардың қатысуымен гала-концерт өтеді](/img/articles/2e8e7fcc02e19f4e7a09045ed99fa48f.jpg)
![Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов](/img/articles/265c0a4bebc8292c69964d17f14d53c5.jpg)
![Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті](/img/articles/3772da515b8a303030b601b1027ae84c.jpg)
![Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады](/img/articles/9038e0736284e5371dc5035b97da03fd.jpg)
![Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі](/img/articles/50693130f3131ecc68e0bce775c77fff.jpg)
![Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды](/img/articles/7e8ce5cdbeea73413885121d7cb639e0.jpeg)
![Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді](/img/articles/51fec31511ee1ee9a9cb384800c04632.jpg)
![Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент](/img/articles/cee2d1381e6b4f856ad371422e76fe5f.jpeg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)