00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Павлодар облысында қызметтік иттердің көмегімен 80 қылмыс ашылды

20.06.2024 | 11:24
Сабина Кәкімжан
89
Павлодар облысында қызметтік иттердің көмегімен 80 қылмыс ашылды
Фото: Polisia.kz

Жыл басынан бері Павлодар облысында қызметтік иттердің көмегімен 80 қылмыс ашылды, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаменті кинологиялық қызмет орталығының мақсаты – қылмысқа қарсы күресте қызметтік-іздестіру иттерін сауатты және барынша тиімді пайдалану. Қызметтік иттер қоғамдық тәртіпті сақтайды, қылмыскерлерді ұстайды, қару-жарақ пен есірткі қоймаларын іздейді.

Қазіргі уақытта облыстық ПД-да 28 қызметтік ит бар. Әр ит бір сала бойынша үйретілген. Қызметтік иттер іздестіру, есірткі, жарылғыш заттарды іздеуге маманданған.

Күн сайын полицияға түрлі шақырулар келіп түседі. Бұл – ұрлық, тонау, адамдардың жоғалуы. Біз дереу оқиға орнына барамыз. Ит біз сияқты бәрін сезеді, уайымдайды, сондықтан ол өзінің қызметтік міндетін толықтай орындайды. Осы жылдың басынан бері қызметтік иттерді пайдалана отырып, 80 қылмыс ашылды, оның ішінде 25 есірткі желісі бойынша, - деді кинологиялық қызмет мамандары.

Мысалы Метель атты полиция көмекшісі есірткіні кез келген жерден таба алады. Балалар жоғалып кеткен немесе тонау болған жағдайлар бар, мұндайда иттердің де көмегі қажет.

Егер адам иттерді шынымен ұнатпаса, олармен толық жұмыс істей алмайды. Ол командаларды орындауға үйрете алады, бірақ байланыс болмайды. Ал кинолог пен ит – бір команда. Олар бір-бірін түсініп, сезінуі керек, - деді Павлодар облысы ПД кинологиялық қызмет орталығының бастығы Нияз Валиев.

Все новости