00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Олжас Бектенов Ақмола облысының егіншілерімен кездесті

15.05.2024 | 15:12
135
Олжас Бектенов Ақмола облысының егіншілерімен кездесті
Фото: primeminister.kz

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Үкімет басшысы «Журавлевка-1» ЖШС-дегі егіс науқанының барысымен танысты. Қазіргі таңда шаруашылықта егістік кешені тұқыммен толтырылып, майлы дақылдарды егу жұмыстары басталды. Серіктестік – Бұланды ауданындағы жетекші ауыл шаруашылығы құрылымдарының бірі. Шаруашылық тұқыммен және жанар-жағармаймен толық қамтамасыз етілген. Биылғы жаздық егіс алқабы 88 771 гектарды құрайды. Күнбағысқа баса көңіл бөлініп отыр: бұл дақылға шамамен 16 мың гектарға жуық жер бөлінді, оның 4 мыңға жуық гектарына тұқым себілді. Сонымен қатар биыл егістіктерде сұлы, бұршақ, зығыр және рапс өсіріледі. Жалпы алғанда, өңірде көктемгі дала жұмыстары басталып кетті: қазіргі уақытта 510 мың га алқапқа егін егілді.

Мұнда Үкімет басшысының назарына А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығындағы селекция нәтижесінде алынған майлы, бұршақты, мал азықтық дақылдардың сұрыптары ұсынылды. Мекемеде барлығы 105 сұрып дайындалып, Қазақстанның мемлекеттік тізіліміне енгізілді, қазіргі таңда түпнұсқа тұқым өндірісі 18 дақыл, 50 сұрып бойынша жүргізілуде. Олжас Бектенов ғылымды дамыту және ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерді қолдану қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл біз агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру көлемін ұлғайттық. Ендігі біздің ортақ міндетіміз – көктемгі егісті тиісті мерзімінде әрі сапалы өткізу. Азық-түлік қауіпсіздігі мен экспорттық әлеует осыған тікелей байланысты. Үкімет тарапынан барлық қолдау шаралары көрсетіліп жатыр. Проблемалық мәселелер бойынша әкімдік пен жауапты министрлікті жедел хабардар ету қажет, — деп атап өтті Премьер-Министр Олжас Бектенов.

Все новости