00:00
Астана -10oC
USD:
475.18
EUR:
510.72
RUB:
5.47
Поиск

Әнші Нұржан Қалжан ерекше марапатқа ие болды

06.06.2024 | 11:01
Сабина Кәкімжан
104
Әнші Нұржан Қалжан ерекше марапатқа ие болды
Фото: Instagram/nurzhan_halzhan

Көпке танымал әнші «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы» атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Қуанышты жаңалығымен  өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Бүгін Астанада осындай марапатқа ие болдым ағайын. «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы» төсбелгісіне ие болдым. Құттықтап шабыт беріп қойыңыздар. "Болар елдің баласы бірін бірі батырым дер" деп, қолдап қуанышымды қуанышқа жалғап жатсаңыздар содан асқан бақыт жоқ менде. Бұл жай төсбелгі, дегенмен де өзім шабыт алып, әлі алда талай жұмыс тұрғанын сезініп қайттым, - деп жазды ол өзінің парақшасында.

 

Желі қолданушылары  әншіні марапатымен құттықтады.

 «Марапатыңыз құтты болсын», «Сіз бұл марапатқа лайықсыз», «Дауысыңыз – ерекше», «Биіктей беріңіз» - деп жазды әншінің оқырмандары.

Все новости